Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 2 № 27 (2025) / 2025-06-28 / Көрілім саны: 183

ЖЫЛҚЫ ЕТІНЕН ПІСІРІЛГЕН ШҰЖЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ

Авторлар

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ КеАҚ
https://orcid.org/0000-0003-0200-8455
С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ КеАҚ
https://orcid.org/0009-0001-3160-2528
Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ
https://orcid.org/0000-0001-8200-4280
Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ
https://orcid.org/0000-0002-5862-9085

Кілтті сөздер

жылқы еті, жылқы етінен пісірілген шұжық, тағамдық қоспалар, кептірілген қызылша мен апельсин қабығынан алынған ұнтақ қоспалары, тағамдық құндылығы, органолептикалық және микробиологиялық көрсеткіштер, физика-химиялық қасиеттері

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.27-642

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Байтукенова, Ш., et al. «ЖЫЛҚЫ ЕТІНЕН ПІСІРІЛГЕН ШҰЖЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 27, Червень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.2.27-642.

Аңдатпа

Мақалада теңдестірілген ұнтақ қоспасын қосу арқылы жылқы етіне негізделген пісірілген шұжық өнімінің рецептурасын әзірлеу және оңтайландыру бойынша эксперименттік материалдар берілген. Жаңа өнімді әзірлеу кезінде «Донская» 1-ші сұрыпты пісірілген шұжықтың рецептурасы бақылау үлгісі ретінде алынды, рецептура құрамына әртүрлі концентрациядағы кептірілген қызылша мен апельсин қабығының ұнтақтары қосылды. Зерттеулер жүргізу барысында 0,5, 1,0 және 1,5 % мөлшерінде ұнтақ қоспасы қосылып, бақылау үлгісі мен пісірілген шұжықтардың үш үлгісі жасалды. Зерттеулер нәтижесінде 1,0 % мөлшерінде қоспаларды енгізудің оңтайлы мөлшері анықталды. Пісірілген шұжықтар үлгілерінде органолептикалық, физика-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері зерттелді.

Жаңа өнімнің рецептурасы мен технологиясы, яғни кептірілген қызылша мен апельсин қабығынан дайындалған ұнтақ қоспасы қосылған жылқы етінен пісірілген шұжық әзірленді. Салыстырмалы талдау көрсеткендей, қызылша мен апельсин қабығының ұнтақтарын 1:1 қатынасында пісірілген шұжықтың құрамына 1,0 % қолдану органолептикалық және микробиологиялық көрсеткіштерді төмендетпейді және оның қауіпсіздігін жақсартады. Пісірілген шұжық өндірісінде ұнтақ қоспасын қолдану дайын өнімнің функционалдық-технологиялық қасиеттерінің біршама жақсаруына әкелді, оның сапасын жақсартуға және шығымдылығын арттыруға мүмкіндік берді.