Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

№ 4 (25) - 2024 / 2024-12-31 / Көрілім саны: 13

МАШ ДАҚЫЛЫ МЫСАЛЫНДА БҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫН ҚОСУ АРҚЫЛЫ ӨСІМДІК СҮТІНІҢ РЕЦЕПТУРАСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Авторлар

Кілтті сөздер

рецептура, оңтайландыру, өсімдік сүті, бұршақ дақылдары, маш, қышқылдық, функционалдық мақсаты

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.4.25-630

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Альжаксина N. ., і Аубакирова I. . «МАШ ДАҚЫЛЫ МЫСАЛЫНДА БҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫН ҚОСУ АРҚЫЛЫ ӨСІМДІК СҮТІНІҢ РЕЦЕПТУРАСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 4, вип. 25, Грудень 2024, doi:10.58805/kazutb.v.4.25-630.

Аңдатпа

Азық - түлік қауіпсіздігінің негізгі ұстанымдарының бірі адамның негізгі тағамдық заттарға-ақуыздарға, майларға, көмірсуларға, дәрумендерге, минералдарға деген қажеттілігін барынша толық қанағаттандыру «халықты сауықтыру» болып табылады. Теңдестірілген тамақтану адам ағзасының барлық аспектілеріне үлкен әсер етеді. Үздіксіз жүретін өмірлік процестер қоректік заттарды сырттан енгізбестен мүмкін емес. Қазіргі уақытта адамның тамақтануы ауру кезінде ерекше маңызға ие. Бұл зерттеу әртүрлі арақатынаста маш, су және тұрақтандырғышты қолдана отырып, өсімдік негізіндегі «сүт» негізінде функционалды сусын жасауға бағытталған. Алынған нәтижелер әзірленген математикалық модельді қолдану арқылы маштан өсімдік сүтінің рецептурасын таңдауға мүмкіндік берді. Сүт сапасының маңызды көрсеткіштерінің бірі-сүттің балғындығын, оны әрі қарай өңдеуге және пастерлеуге жарамдылығын сипаттайтын қышқылдық. Мақалада өсімдік сүтінің қышқылдық деректеріне әртүрлі модельдерді сәйкестендіру нәтижелері сипатталған. Қышқылдықтың артуы ақуыздардың ыстыққа төзімділігінің төмендеуіне әкеледі. Сондай-ақ, қышқылдықтың өсімдік сүтінің компоненттеріне тәуелділігін сипаттайтын үш өлшемді кеңістіктегі модель ұсынылған.