Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

№ 4 (25) - 2024 / 2024-12-31 / Көрілім саны: 4

КАТАЛИТКАЛЫҚ КРЕКИНГ ҚОНДЫРҒЫСЫНАН ӨНІМНІҢ ШЫҒУЫН PYTHON БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ОРТАСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ

Авторлар

  • Н. Боранбаева
  • Б. Оразбаев
  • Л. Рзаева
  • Ж. Карабаев
  • Б. Серимбетов

Кілтті сөздер

модельдеу, каталитикалық крекинг, python, детерминациялау коэффициенті, айқын емес логика, компьютерлік модельдеу, оңтайландыру, каталитикалық крекинг қондырғысы.

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.4.25-626

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Боранбаева, . Н., Б. Оразбаев, Л. Рзаева, Ж. Карабаев, і Б. Серимбетов. «КАТАЛИТКАЛЫҚ КРЕКИНГ ҚОНДЫРҒЫСЫНАН ӨНІМНІҢ ШЫҒУЫН PYTHON БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ОРТАСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 4, вип. 25, Грудень 2024, doi:10.58805/kazutb.v.4.25-626.

Аңдатпа

Мақалада Python бағдарламалық ортасында регрессия әдістерін қолдану арқылы каталитикалық крекинг қондырғысынан өнімнің шығуын анықтау тапсырмасы қарастырылады. Каталитикалық крекинг мұнай өндірудің негізгі процесі болғандықтан, өнімнің шығуын нақты болжау технологиялық параметрлерді оңтайландыру және өнімнің тиімділігін арттыру үшін өте маңызды. Мақалада температура, қысым, шикізат тығыздығы және катализатор шығыны сияқты әр түрлі технологиялық параметрлердің әсер етуін талдау нәтижесінде модельдерді жасап шығару әдістемесі қарастырылған. Pandas, Scikit-learn және Matplotlib сияқты Python  мәліметтерді талдау инструменттері мен кітапханаларын қолдану толық талдау жасап, нәтижелерін визуализациялауға мүмкіндік береді. Модельдің сапасын бағалау детерминациялау коэфициенті (R2) және қалдық қателерді талдау арқылы жүргізіледі. Алынған нәтижелер моделдің жоғарғы дәлдігі мен ұсынылған тәсілдің өндірістегі мұнай өндіру процестерін болжау және оңтайландыру мүмкіндігін дәлелдейді.