Меню
№ 4 (25) - 2024 / 2024-12-31 / Көрілім саны: 6
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Аймақтың тұрақты дамуы, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық және табиғи-экологиялық даму факторлары арасындағы тепе-теңдікпен қамтамасыз етіледі. Өңірдің орнықты дамуы, өздеріңіз білетіндей, экологиялық-экономикалық және әлеуметтік факторларды теңгерімді пайдалануды көздейді. Бұл ғылыми зерттеуде өңірлік экономика шеңберінде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің негізгі тәсілдері қарастырылады, өңірдің тұрақты дамуының негізгі анықтамалары зерделенеді және тұрақты даму процестеріне әсер ететін факторлардың сипаттамасы беріледі. Ғылыми жұмыстың мақсаты макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау негізінде Қазақстан Республикасы өңірлерінің тұрақты дамуы контексінде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық сәйкессіздіктерді анықтау болып табылады. Аймақтардың тұрақты дамуға бейімделуін зерттеу объектісі өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті болып табылатындықтан, оны пайдалану жалпы республика экономикасын реформалау барысымен айқындалады, авторлар тұрақты дамуға бейімделудің өңірлік коэффициентін есептеді. Өңірлердің орнықты даму талаптарына бейімделу дәрежесін анықтау сандық және сапалық тәсілдерді біріктіруді талап ететін күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Зерттеу барысында тұрақты даму тенденцияларын анықтауға мүмкіндік беретін экономикалық талдаудың статистикалық және салыстырмалы әдістері қолданылды. Жүргізілген экономикалық талдау негізінде теріс әсер ететін белгілі бір теңгерімсіздіктер анықталды.