Меню
№ 1 (14) - 2022 / 2022-03-28 / Көрілім саны: 94
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Қәсіпорындарының құрамында мышьяк бар қалдықтармен қоршаған ортаны ластау мәселесі зерттелді. Мәселенің өзектілігі қолданыстағы өндірістердің экологиялық қауіпсіздігі талаптарын қатайтумен, тау-кен металлургия кешені, оның ішінде мыс өндірісі кәсіпорындарының жанындағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және сауықтыру жөнінде шаралар қабылдаумен, мышьяк сияқты мыс электролитінің қоспасын экологиялық қауіпсіз нысандарда шығару қажеттілігімен айқындалады. Ғалымдардың зерттеулері қол жетімді және арзан реагенттер ретінде мышьякты тұндыру үшін темір қосылыстарын қол-дану мүмкіндігіне назар аударады. Осы қауіпті қалдықтарды сақтауға немесе көмуге бағыт-тай отырып, сумен байланысу мүмкіндігімен қатар басқа факторлардың, мысалы, құрамы үнемі ластанған және агрессивті болуы мүмкін ауаның әсерін ескеру қажет. Бұл мышьякты жою үшін заманауи өндірістік процестерді ұйымдастыру үшін жаңа термохимиялық дерек-терді қажет етеді. Мақалада алғаш рет стандартты жағдайлардағы (250С және 1 атм. жалпы қысым) темір, мышьяк бар жүйелердің Е-рН және парциалды қысымының диаграммала-ры келтірілген. E-pH және парциалды қысымдар диаграммаларын талдауы, химиялық эле-менттер мен олардың қосылыстарының термодинамикалық тәртібін ескере отырып, хими-ялық реакциялардың өту шарттары мен бағыттарын, фазалардың түзілуі мен тұрақтылығын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттелетін қосылыс тұрақтылықпен сипатталатын потенциал және рН мәндері белгіленеді. Темір арсенатының бар болу аймақтары анықталды, темір мен мышьяк қосылыстарынан темір арсенатын алудың химиялық және электродтық реак-циялары қарастырылды. Жұмыс нәтижелері бойынша мышьякты ерітінділерден еримитін, тұрақты темір арсенаты түрінде шығару үшін темір қосылыстарын қолдану және мыс элек-тролитін тазарту мен өңдеудің тиімді технологиялық әдістері туралы алынған мәліметтер негізінде әзірлеу мүмкіндігі туралы қорытынды жасалды