Меню
№ 4 (25) - 2024 / 2024-12-31 / Көрілім саны: 12
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Коррозия процестерін зерттеу және металдарды коррозиядан қорғау әдістері мен қабаттарын жасау қазіргі ғылыми-техникалық мәселелердің өзектілігіне жатады. Металлды коррозиядан қорғаудың кең тараған түрі- өндірістік жағдайларда агрессивті ортамен жанасатын металлдар мен қорытпалардың коррозия жылдамдығын төмендетуге мүмкіндік беретін ингибиторларды қолдану болып табылады. Қазіргі уақытта экологиялық таза технологияларды пайдалана отырып, металдар мен қорытпаларды қорғауға арналған , жануарлар шикізаты негізіндегі қол жетімді, улы емес және арзан коррозия ингибиторларын жасау «табиғи» химия саласындағы жетекші тенденциялардың бірі болып табылады.
Бұл жұмыста 1,0 моль/л агрессивті ортада СТ3 көміртекті болатқа жануар майының коррозияға қарсы тиімділігі гравиметриялық әдіспен зерттелді. Агрессивті орта ретінде түзды және қышқылды ерітінділер алынған. Ингибитордың тиімділігі қалыпты стандартты орта жағдайында 0,5-2,0 г/л мөлшерінде зерттелген. Болат пластиналарының әртүрлі агерссивті ортада масасының жоғалуын негізге алып, жалпы 1 жылда кететін массалық шығынды есептей отырып, жануар майы қосылған ерітіндінің болат пластинасының коррозияға қарсы көрсеткішінің проценттік тиімділігі анықталды. Жоғары тиімділікке болат пластина бетіндегі ингибитордың өздігінен физиосорбциялануы есебінен қол жеткізілетіндігі анықталды. Нәтижесінде жануар майы болат пластиналарының бетінде жылтыр қорғаныс қабатын түзіп, оның массасының жоғалуына кедергі келтіретіндігі айқындалды. Сонымен қатар ингибитор концентрациясының жоғарылауы коррозияға қарсы тиімділіктің артуын көрсетті.