Меню
№ 4 (25) - 2024 / 2024-12-31 / Көрілім саны: 10
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл жұмыста өңделмеген және аминсірке қышқылымен функционалдырылған наноалмаздар (НА) мен алюминий нитриді (AlN) нанотолтырғыштарының эпоксидті композиттердің құрылымының қалыптасуына және сипаттамаларына әсері зерттелді. Сканерлеуші электронды микроскопиялық (СЭМ) талдау осы нанотолтырғыштардың морфологиясы мен агломерацияға күшті бейімділігін, яғни олардың дисперстілігін және полимер матрицасымен өзара әрекеттесуін жақсарту үшін түрлендіру қажеттілігін анықтады. НА және AlN аминсірке қышқылымен функционализациялау гельдену және қатаю процестерін айтарлықтай жылдамдатады, бұл термометриялық сонымен қатар дифференциалдық сканерлеу калориметриясымен өлшенген нәтижелері көрсетті. Аталған зерттеулер композиттердің қатаю температурасы және уақытымен қатар оның термиялық эффектісінің жоғарылауын көрсетті. Механикалық сынақтар аминсірке қышқылымен өңделген НА немесе AlN нанобөлшектерімен модификацияланған эпоксидті композиттер өңделмеген нанотолтырғыштар қосылған композиттермен салыстырғанда беріктік, серпімділік модулі және қаттылық бойынша айтарлықтай жақсартуларды көрсететінін анықтады. Сонымен қатар, зерттеулер аминсірке қышқылымен өңделмеген және модификацияланған НА және AlN нанобөлшектерінің қосылуы эпоксидті нанокомпозиттердің ыстыққа төзімділігі мен термиялық тұрақтылығын айтарлықтай жақсартатынын көрсетті. Алынған нәтижелер эпоксидті нанокомпозиттердің физикалық-механикалық қасиеттерін оңтайландыру үшін аминсірке қышқылымен өңдеудің тиімділігін көрсетті, бұл заманауи материалдарды дамыту үшін перспективалы жолдарды ашады.