Меню
№ 1 (26) - 2025 / 2025-03-31 / Көрілім саны: 26
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл мақалада жастар көші-қонының адами капиталдың сандық және сапалық параметрлеріне әсері қарастырылған. Қазақстан мысалында қабылдаушы және шығарушы елдің адами капиталына оң және теріс әсер ететін сыртқы жастар көші-қонының ерекшеліктері зерттелді. Бұл зерттеуде статистикалық талдау әдісі, экономикалық зерттеулердің графикалық әдісі қолданылды.
Авторлар елден кетудің маңызды детерминанттары білім алу және жұмысқа орналасу болып табылатынын атап өтті. Қазақстаннан Ресей Федерациясына көші-қон ағындарының жалпы құрылымындағы жас мигранттардың негізгі үлесі кеткені анықталды, бұл жағдайдың негізгі себептері анықталды. Шетелде жүрген респонденттерден әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы сұхбат алынып, жастардың көші-қонын ынталандыратын және тартатын факторлар анықталды. Сондай-ақ, адами капитал көші-қонының экономикалық салдарының маңыздылығы қарастырылды, көп жағдайда жоғары білікті жұмыс күшінің кетуінің салдары мемлекеттің даму деңгейіне және ұлттық экономиканың жағдайына байланысты екендігі атап өтілді. Қазақстан Республикасының 2027 жылға дейінгі көші-қон саясатының тұжырымдамасы қаралды, онда оның негізгі бағыттарының бірі білім беру көші-қоны болып табылады және осы бағыт шеңберінде бастамалар, оның ішінде елге жоғары білікті мамандарды тарту іске асырылатыны айтылды.