Экономика, бизнес және қызмет көрсету

№ 1 (26) - 2025 / 2025-03-31 - 2025-03-31 жаңартылды / Көрілім саны: 36

МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Авторлар

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
https://orcid.org/0000-0003-4001-1938
Esil University
https://orcid.org/0000-0002-6748-4826
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті,
https://orcid.org/0009-0001-1242-6135

Кілтті сөздер

активтер, қаржылық активтер, мүлік, мемлекеттік активтер, мемлекеттік басқару, мемлекеттік қаражаттар

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.26-552

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Алибекова , А., С. Мақыш, і . Д. Беделова. «МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 26, Березень 2025, doi:10.58805/kazutb.v.1.26-552.

Аңдатпа

 Активтер кәсіпорынның бизнес процесінде пайдаланылатын экономикалық ресурстардың әртүрлі түрлерін білдіреді. Бұл ресурстар белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған ұйымның миссиясы мен экономикалық даму стратегиясына сәйкес қалыптасады. Өзінің мәні бойынша активтер кәсіпорынның экономикалық әлеуетінің негізін құрайды, мүліктік құндылықтар жиынтығы түрінде көрінеді. Экономикалық ресурстардың мақсатты түрде қалыптасқан тобы ретінде активтер оның стратегиялық міндеттерін іске асыруды және тұрақты дамуды қамтамасыз ететін кәсіпорынның шаруашылық қызметінің функционалдық бағыты мен ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек.

Демек, экономикалық сипаттамаларға ие активтер кез келген микроэкономикалық жүйеде экономиканы басқарудың негізгі объектілеріне айналады. Олар осы жүйенің тиімді жұмыс істеуі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мақалада мемлекет активтерінің экономикалық мәні, мазмұны және оларды басқару тәсілдері қарастырылады. Мақаланың маңыздылығы – экономикалық тұрақтылық пен дамудың негізі ретіндегі мемлекеттік активтердің маңыздылығы туралы терең түсінік беру. Мемлекеттік активтерді басқарудың әртүрлі аспектілерін талдай отырып, мақалада олардың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру бойынша ұсыныстар берілген. Мұның экономикалық саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдар үшін, сондай-ақ экономикалық ресурстарды басқару мәселелерін зерттейтін ғалымдар мен практиктер үшін тікелей практикалық маңызы бар.

Нұсқалар