Экономика, бизнес және қызмет көрсету

№ 4 (25) - 2024 / 2024-12-31 - 2024-12-31 жаңартылды / Көрілім саны: 3

14.35.07 ӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ БАСҚАРУДА ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

Авторлар

  • А.К. Ибраева
  • Д.М. Акишева
  • М.С. Искакова

Кілтті сөздер

жоспарлау, болжамдау, индустриялық даму, өнеркәсіптік кешен.

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.4.25-547

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Ибраева, А., Д. . Акишева, і М. . Искакова. «14.35.07 ӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ БАСҚАРУДА ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 4, вип. 25, Грудень 2024, doi:10.58805/kazutb.v.4.25-547.

Аңдатпа

Қазақстанның өнеркәсіптік кешенін басқаруды жоспарлау мен болжауды ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері қарастырылған. Ұзақ мерзімді жоспарлау және болжамдау процестерінің сақталуы, өнеркәсіптік кешенді басқарудағы жоспарлы - болжамдық қызметті жетілдіру бойынша мемлекеттік органдардың функциялары ашылды. Зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылар жасалды және өнеркәсіптік кешенді басқаруда жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралар ұсынылады. Жүргізілген зерттеу негізінде келесідей қорытынды жасауға болады: өнеркәсіптік кешендегі жоспарлы-болжамдық қызмет елдің индустриялық-инновациялық дамуының ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламаларын орындаудың кілті болып табылады; жоспарлы-болжамдық қызмет күрделі процесс болып табылады, оның сапасына өнеркәсіпті және тұтастай алғанда экономиканың мемлекеттік секторын дамытудың тиімділігі тәуелді болады; өнеркәсіп кешенінде жоспарлы-болжамды қызметті реттеуді Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жүзеге асырады. Бұл органға жоспарлы-болжамдық органдар жүйесін жетілдіру жөніндегі функциялар кіреді. Институттың функцияларына өнеркәсіпті дамытуды үйлестіру және өнеркәсіп салаларын дамытудың негізгі үрдістерін болжау да жатады. Алайда, өнеркәсіптік кешенді басқаруда жоспарлау мен болжауды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізу қажет:елдің әрбір аймағында өңірдің өнеркәсіптік кешенін басқаруды жоспарлау және болжау қызметтерін ұсыну жөнінде тәуелсіз кеңестік орталықтар құру, тәуелсіз кеңестік орталықтардың негізінде тәуелсіз сараптамалар жүргізу жөніндегі сараптамалық мекемелер құру,өңірлік өнеркәсіпті дамытудың стратегиялық бағдарламаларын іске асыру жөніндегі жоспарларды, өңірлік болжамдарды, жоспарларды, бағдарламаларды әзірлеуге кәсіпорындардың мамандарын тарту

Нұсқалар