Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

№ 3 (24) - 2024 / 2024-09-30 / Көрілім саны: 100

ТАУ-КЕН КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНДЕ КӘСІПТІК АУРУЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ

Авторлар

  • А.М. Құрманов
  • А.М. Рахметова
  • Э.А. Құлмағамбетова
  • Н.Б. Әбдрахманова
  • Н.Т. Сағындықова

Кілтті сөздер

тау-кен кәсіпорны, зиянды, қауіпті өндірістік факторлар, кәсіптік тәуекел, кәсіптік аурулар.

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.3.24-540

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Құрманов, А. ., А. . Рахметова, Э. . Құлмағамбетова, Н. . Әбдрахманова, і Н. . Сағындықова. «ТАУ-КЕН КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНДЕ КӘСІПТІК АУРУЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 3, вип. 24, Вересень 2024, doi:10.58805/kazutb.v.3.24-540.

Аңдатпа

Мақалада кәсіптік аурулардың даму факторы ретінде тау-кен кәсіпорны қызметкерлерінің денсаулығына зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсер ету проблемасының қазіргі жағдайы қарастырылған.

Салыстыру топтары ретінде өндіріс қызметкерлері мен Қосалқы персонал зерттелді, авторлар өндірістік объектілерді аттестаттау, сауалнама деректерін талдады.

Еңбек қызметі процесінде зиянды және қауіпті өндірістік-кәсіптік факторлардың тұрақты және қарқынды әсеріне ұшыраған қызметкерлердің еңбек жағдайлары кәсіптік аурулардың жоғары таралуына және даму қаупінің жоғарылауына ықпал ететіні анықталды.  Өндіріс қызметкерлерінде кәсіптік аурулардың даму қаупін төмендетудің кешенді тәсілі үшін санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайларын жақсарту, зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жетілдіру, алдын алу шараларын әзірлеу қажет.