Меню
№ 3 (24) - 2024 / 2024-09-30 / Көрілім саны: 37
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Құрамында шырыны бар алкогольсіз сусындар өндірісінің ассортименті шетелде де, Қазақстанда да қарқынды өсуде. Бұл үрдіс дамыған елдердегі тұрғындардың белсенді бөлігінің салауатты өмір салтына ұмтылысына байланысты. Осыған орай, табиғи жеміс-жидек шикізаты негізіндегі сусындар өндірісі үлкен қызығушылық тудыруда. Алкогольсіз сусындарды өсімдік тектес биологиялық белсенді заттардың кең спектрімен байыту өте маңызды. Бұл жұмыстың мақсаты алкогольсіз сусындардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу, сонымен қатар қарлыған сығындысын пайдалану мүмкіндігін зерттеу.
Алкогольсіз сусын алу үшін дәрумендер мен витаминге ұқсас қосылыстар, флавоноидтар, минералдар және басқа заттар сияқты биологиялық белсенді заттардың құнды көзі болып табылатын жабайы қарлыған пайдаланылды.
Алынған нәтижелер тәжірибелік зерттеулердің айтарлықтай көлеміне және қарлығанның химиялық құрамы туралы әдеби деректерді талдауға негізделген. Жұмыста қазіргі заманғы химиялық талдау әдістерін қолдану арқылы қарлығанның химиялық құрамы зерттелді. Құрамында синтетикалық компоненттері жоқ қарлыған сығындысы бар алкогольсіз сусынның рецепті әзірленді. Оның органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері анықталды.