Меню
№ 4 (25) - 2024 / 2024-12-31 / Көрілім саны: 4
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Мақалада табиғи полимерлер мен монтмориллониттен алынған бионанокомпозиттер құрамына күміс иондарының иммобилизациялану мүмкіндігі қарастырылған, және сонымен қатар альгин қышқылының натрий тұзы (Na-ALG), карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы (Na-КМЦ) және натриймонтмориллонит (Na-MMT) қоспаларының бионанокомпозиттерінінің (BNC) құрамындағы күміс нанобөлшектерінің (Ag-NPs) суда ісіну кинетикасы, сондай-ақ олардан Ag⁺ иондарының бөлініп шығу кинетикасына әсерін зерттеу нәтижелері берілген. BNC құрамындағы Ag-NPs мөлшерінің жоғарылауымен оның беріктігі артып, ісінуі 2,5 есеге дейін төмендейтіні және Ag⁺ иондарының бөлініп шығу кинетикасы жоғарылайтыны көрсетілген. Бионанокомпозиттердің құрамындағы белсенді заттар мен полимерлерден басқа, композиттерден күміс иондарының бөлінуіне рН әсері зерттелді. Ерітіндінің рН жоғарылаған сайын күміс иондарының бөліну дәрежесі де жоғарылайтыны анықталды. Яғни, рН мәні 1,2-ден 7,4-ке дейін жоғарылаған сайын, күміс иондарының бөлініп шығу кинетикасы 3 есеге дейін артты . Зерттеу нәтижелері отандық монтмориллониттен және арзан, қолжетімді табиғи полимерлерден биологиялық ыдырайтын, сонымен қатар биожетімді композиттерді алуға мүмкіндік береді. Бұл жұмыста бионанокомпозиттердің құнды қасиеті болып табылатын Ag+ иондарының сулы ерітіндіге ұзақ шығуы үшін иммобилизация процесін оңтайландырып, «күміс монтмориллониті» және полисахаридтер негізінде пленкалар алу мүмкіндігі көрсетілді. Мақалада алынған нәтижелер бионанокомпозиттер өндірісін нақты өнеркәсіптік өндіріске енгізу мүмкіндігін дәлелдеуге негіз береді.