Экономика, бизнес және қызмет көрсету

№ 3 (24) - 2024 / 2024-09-30 / Көрілім саны: 114

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕ МЕНШІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ АҚМОЛА ӨҢІРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІНЕ ӘСЕРІН ТАЛДАУ

Авторлар

  • С. Рейдолда
  • O.A. Карпенко
  • К.Ж. Садвокасова
  • А.М. Бержанова
  • Б.Н. Жабытай
  • А.К. Алпысбаева

Кілтті сөздер

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, жобалар, инвестициялар, салыстырмалы талдау, динамикалық талдау

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.3.24-519

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Рейдолда, С., Карпенко O. ., К. Садвокасова, А. Бержанова, Б. Жабытай, і А. Алпысбаева. «МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕ МЕНШІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ АҚМОЛА ӨҢІРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІНЕ ӘСЕРІН ТАЛДАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 3, вип. 24, Вересень 2024, doi:10.58805/kazutb.v.3.24-519.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты Ақмола өңірінің экономикалық өсуіне МЖӘ әсерін анықтау болып табылады. Зерттеу объектісі Ақмола облысында жүзеге асырылған МЖӘ жобалары және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму процесі. Талдау нәтижесі бойынша өңірдің экономикалық өсуіне МЖӘ әсері бағаланды. Зерттеу барысында Ақмола өңірі бойынша жүзеге асырылған МЖӘ жобаларына динамикалық талдау жасалды. Талдау барысында 2018-2022 жылдар аралығында МЖӘ жобалары және өңірдің экономикалық өсуін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер туралы ақпараттар қолданылды. Хоррард-Домер моделін қолдана отырып, өңірдің экономикалық өсуі анықталды және оған әсер еткен факторларға факторлық талдау жасалды. Ақмола облысында 2018-2022 жылдар аралығында барлығы 66 МЖӘ жобасы жүзеге асырыла бастаған, барлығы 7783,26 мың теңге көлемінде инвестиция тартты және осы жылдар аралығында тартылған инвестициялар орташа есеппен 15,36% үлесті құрады. Р. Харрод пен  Е. Домар моделі бойынша экономиканың өсу қарқыны мынаны көрсетті: инвестицияның жиынтық табысқа қатынасы орташа есеппен 0,88 млн тг, капитал сыйымдылығы 2,25 млн тг, экономиканың өсу қарқыны 0,38 немесе  38,26% өскен. Қорыта келгенде, Ақмола облысы бойынша МЖӘ сәтті жүзеге асыру үшін тұрақты инвестициялық климат құру қажет.