Экономика, бизнес және қызмет көрсету

№ 3 (24) - 2024 / 2024-09-30 / Көрілім саны: 43

БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Р.Қ. Елшібаев

Кілтті сөздер

қор нарығы, бағалы қағаздар, эмитент, инвестор, трейдер, брокер, диллер, мемлекеттік реттеу, Қазақстандық қор биржасы

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.3.24-517

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Елшібаев, Р. «БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 3, вип. 24, Вересень 2024, doi:10.58805/kazutb.v.3.24-517.

Аңдатпа

Елімізде қор биржасының белсенділігі айтарлықтай арта түсті. Әсіресе жеке инвесторлар сегментінің кеңеюі байқалады. Ол елдегі экономикалық  тұрақтылыққа, инфляция деңейіне, халықтың нақты табысының өсуіне тікелей байланысты. Сондықтан да елдегі тұрақтылық, халықтың әл-ауқатын арттыру, экономикалық өсім, ақша-несие жүйесі, бизнес субъектілерінің белсенділігі басты назарда болуы тиіс. Жеке тұлғалардың бағалы қағаздарды сатып алуға қызығушылығының артуына пандемия да өзінің ықпалын тигізді. Жеке инвесторлар банктік депозиттерге баламалы көздерді, қосымша табыс табу жолдарын қарастыра бастады. Сонымен қатар брокерлік қызметтерді цифрландыру барлық қызығушылық танытқандарға инвестициялауға қол жетімділікті қамтамасыз етті.

2020жылдан бастап екінші деңгейлі банктерге брокерлік қызметті жүргізуге рұқсат берілуі, олардың белсенділігін арттыра түсті. Қазір еліміздің жекелеген банктері (Халық банк, Банк Центр Кредит) мобильді қосымшалары арқылы бағалы қағаздарын сатуды іске асыра алады. Қазір тек ірі компаниялар ғана емес шағын және орта бизнес субъектілерінің де бағалы қағаздар нарығындағы белсенділігін жоғарылату бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Сондықтан да бағалы қағаздар нарығына бастапқы кезеңде мемлекеттің араласуы,  қолдау және реттеу бойынша жүйелі жұмыстар атқаруы өте маңызды.

Мақалада елімізде қор нарығын дамытудың қажеттілігі және мемлекеттік реттеу мәселелері қарастырылған. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің маңызы, негізгі мақсаты және іске асыру құралдары мен негізгі тәсілдері көрсетілген, сондай-ақ, өзекті мәселелері анықталып, оларды шешу жолдары ұсынылған.