Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

№ 3 (24) - 2024 / 2024-09-30 / Көрілім саны: 43

ГИДРОКСИБЕНЗОЙ ҚЫШҚЫЛ ГИДРАЗИДТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ГИДРАЗОНДЫ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ СУДА ЕРИТІН КЕШЕНДЕРІН АЛУ

Авторлар

  • С.Д. Фазылов
  • Ж.Б. Сәтпаева
  • O.A Нүркенов
  • Р.Е. Бәкірова
  • А.К. Свидерский
  • Ә.Ж. Мендібаева

Кілтті сөздер

о- және п-гидроксибензой қышқылдары, гидразид, гидразон, макромолекулалар, қосылу кешендері, дифференциальды термогравиметрия

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.3.24-501

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Фазылов, С., Ж. Сәтпаева, Нүркенов O., Р. Бәкірова, А. Свидерский, і А. Мендібаева. «ГИДРОКСИБЕНЗОЙ ҚЫШҚЫЛ ГИДРАЗИДТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ГИДРАЗОНДЫ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ СУДА ЕРИТІН КЕШЕНДЕРІН АЛУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 3, вип. 24, Вересень 2024, doi:10.58805/kazutb.v.3.24-501.

Аңдатпа

Мақалада о- және п-гидроксибензой қышқылдары негізінде алынатын биологиялық белсенді гидразидтер мен гидразондардың суда еритін кешендерін алу бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылған. Гидразондар медицинада туберкулезге, бактерияға және қабынуға қарсы препараттар, антисептиктер, консерванттар және басқа биоактивті субстраттар ретінде кеңінен қолданылады. Олардың көпшілігі суда төмен ерігіштігімен сипатталады, бұл олардың әрі қарай биологиялық белсенділігін зерттеуге шектеу қояды. Мақалада о- және п-гидроксибензой қышқыл гидразидтері мен олардың гидразон туындылары табиғи макромолекулалық биополимерлермен әр түрлі қосу кешендерін құра алатыны көрсетілген. Мақалада талқыланған жаңа гидразон өнімдері суда ериді, сонымен қатар тұрақты сулы дисперсиялар түзеді. Осы қосылыстардың суда еритін кешендерін алу олардың биологиялық қолжетімділігін жоғарылауына әкелуі мүмкін, бұл тиісінше олардың емдік концентрациясын төмендетеді. Биополимер мен субстрат молекулалары арасындағы комплекстердің айтарлықтай тұрақты болатыны дәлелденді. Бұл жағдайда комплекс түзуші молекула субстрат молекуласы әр түрлі жоғары реактивті молекулалармен әрекеттесуден қорғауға көмектесіп, тотығу, гидролиз және/немесе жойылу жылдамдығын, сондай-ақ кеңістіктік қайта құрылымдау мен рацемизация ықтималдығын төмендетеді. Жұмыста сипатталған о- және п-гидроксибензой қышқылдар гидразидтер мен гидразондарының жаңа комплексті кешендері ИҚ- мен 1Н-ЯМР спектроскопиясы, дифференциалды сканерлеуші термогравиметрия мен сканерлеуші электронды микроскоп арқылы сипатталды.