Меню
№ 2 (23) - 2024 / 2024-06-30 / Көрілім саны: 115
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Көмірдің органикалық массасының (КОМ) негізгі ыдырауының температуралық интервалында жүретін процестерді зерттеу қатты отындардың ыдырауының жалпы заңдылықтарын да, ерекшеліктерін де түсінуге мүмкіндік береді. Бұл температура аралығы құрылымдық-химиялық түрлендірулердің сипаты туралы да, КОМ-ның термодеструкциясының құрылымымен бағыты туралыда маңызды ақпаратты беретін процестің кинетикалық параметрлерін есептеу үшін қолданылады. Бұл мақала да көмір пиролизінің термиялық деструкциясының кинетикасын зерттеу үшін термогравиметриялық талдау әдісі қолданылды, онда көмір үлгілерін қыздыру керамикалық тигельдерде азотпен оттегі орталарында әртүрлі (5-25 градус/мин) қыздыру жылдамдығында 25-900 °С температурада жүргізілді. Зерттеу объектісі ретінде Кендірлік кен орнының көмірі таңдалды. Салынған DTG (үлгі массасының өзгеру жылдамдығының уақытқа тәуелділігі) дифференциалдық қисықтар негізінде әртүрлі қыздыру жылдамдықтарында көмір пиролизінің кинетикалық параметрлері изотермиялық емес формальды кинетика теңдеулерін қолдана отырып есептелді. Көмірді қыздыру жылдамдығымен температурасының пиролиз процесінің кинетикалық параметрлеріне әсері зерттелді. КОМ-ның ыдырауының негізгі кезеңдері анықталды. Көмір үлгілерінің қыздыру жылдамдығы DTG дифференциалдық қисықтарындағы негізгі ыдырау максимумдарына сәйкес келетін температурамен процесс жылдамдығының мәндеріне айтарлықтай әсер ететіні анықталды. Көмір пиролизінің кинетикалық параметрлері арасындағы тәуелсіздік, КОМ-нің негізгі ыдырау температураларының аралығындағы қыздыру жылдамдығымен температурасына, сондай-ақ көмірдің негізгі ыдырауының әртүрлі кезеңдеріндегі кинетикалық параметрлер арасындағы байланыс талданады.