Меню
№ 2 (23) - 2024 / 2024-06-30 / Көрілім саны: 87
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл жұмыстың мақсаты - "Таған" кенорнының бентонит сазынан органикалық ортада жоғары тұрақтылыққа ие 150° - тан асатын органофильді саз алу әдісін, сондай-ақ, одан сусыз ортада тиксотропты қасиет көрсететін бұрғылау ерітінділерін жасау әдісін зерттеу.
Зерттеу барысында бентонит сазынан супергидрофобты саздарды алудың жаңа әдісін әзірленді, сонымен қатар, олардың мұнай өндіру өнеркәсібі үшін сусыз бұрғылау ерітінділерін өндіруде одан әрі қолданылуы зерттелді. Супергидрофобизаторлар ретінде катионды беттік активті заттардың алуан түрін қолданылған.
Тетракис (децил) аммоний бромиді қатысында жұғу бұрышы(ТКАБ) 170º органофильді (супергидрофобты) саз алынды. ТКАБ негізінде алынған дизель отынындағы органофильді саз бөлшектерінің таралуы мен тұрақтылығы анықталды. ТКБА-дан алынған органофильді саз бөлшектері дизельде тұрақты суспензия түзетіні және су фазасымен мүлдем араласпайтыны дәлелденді.