Меню
№ 2 (23) - 2024 / 2024-06-30 / Көрілім саны: 76
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Протондалған амидтермен және тиамидтермен d-металл тұздары негізінде жаңа координациялық қосылыстарды синтездеу, олардың құрылысын, физика-химиялық қасиеттерін, түзілу заңдылықтарын зерттеу және анықтау қазіргі химияның өзекті міндеті болып табылады. Бұл мақалада амидтер мен тиоамидтердің тұз және гексафторкремний қышқылдары және мыс (II) тұздарымен қосылыстарының квантты-химиялық және ИҚ-спектроскопиялық сипаттамалары қарастырылған. Металл иондары протондалмаған карбамид молекуласының оттегісімен, ал ол болмаған кезде амин тобының азот атомымен координациялық байланыс түзеді, бұл квантты - химиялық есептеулермен расталады. PM3 бағдарламасының көмегімен квантты-химиялық әдісті қолдана отырып, атомаралық қашықтық, валенттік бұрыштар, алынған координациялық қосылыс атомдарының зарядтары мен координаталары есептелді. Мыс (II) комплекстері үшін лигандтары карбамид, протондалған карбамид және қышқыл аниондары болып табылатын бұрмаланған октаэдрлік құрылымның түзілуі энергетикалық және геометриялық тұрғыдан қолайлыболып табылады. Амидокомплекстерінің ИҚ-спектрлері негізінде амидтің (тиоамид) карбонил тобының оттегі (күкірт) атомындағы амидтердің протондануы дәлелденді. Сонымен қатар, тиоамидті қосылыстарда C-N байланыстарының валенттік тербелістерінің жұтылу аймағының жоғары жиілікті аймағына ығысуы S-протондалуға қолайлы болады.
Мыс (II) координациялық қосылыстарында ішкі сферада карбамидтың және протондалған карбамидтің молекулалары да біруақытта болады, олардың біріншісі комплекс түзушіге карбонил тобының оттегі атомы арқылы, ал екіншісі амид тобының азот атомы арқылы байланысады. Алынған тәжірибелік мәліметтер және компоненттердің қышқылды-негіздік әрекеттесуінің белгіленген заңдылықтары, протондалған амидтермен d-металл негізінде түзілетін комплексті қосылыстардың құрылымы амидті комплекстер химиясының теориялық негізі, олардың координациялық қосылыстар химиясы саласындағы анықтамалық материалы болып табылады.