Экономика, бизнес және қызмет көрсету

№ 2 (23) - 2024 / 2024-06-30 / Көрілім саны: 45

КҮРДЕЛІ БИЗНЕС ПРОЦЕСТІ БАСҚАРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ МЕН АЙМАҚТЫҚ ДАМУДЫҢ КӨП НҰСҚАЛЫ РЕГРЕССИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ

Авторлар

  • А.Р. Исаев
  • Ж. Бидахмет

Кілтті сөздер

ақпараттық жүйелер, сандық талдау, сыртқы факторлар, регрессиялық талдау, инфрақұрылымдық инвестиция, технологиялық инновациялар, аймақтық даму

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.23-405

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Исаев, А. ., і Ж. Бидахмет. «КҮРДЕЛІ БИЗНЕС ПРОЦЕСТІ БАСҚАРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ МЕН АЙМАҚТЫҚ ДАМУДЫҢ КӨП НҰСҚАЛЫ РЕГРЕССИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ». КазУТБ, вип. 2, вип. 23, Червень 2024, doi:10.58805/kazutb.v.2.23-405.

Аңдатпа

Қазіргі таңда,  әлемде бізді тұтас компьютерлік инновациялар, түрлі бағдарламалық құралдар қоршап тұр. Қызметтің барлық салаларында ақпараттық технологиялар қолданылады. Сол сияқты,күнделікті өмірімізде әртүрлі курорттар, демалыс және ойын-сауық орындары көбейіп келеді. Әр жолы туристерді таң қалдыру қиынырақ, керісінше, көптеген адамдар, сауалнамалар мен зерттеулер көрсеткендей, адамның "өркениетті аяғы" жетпеген жердің бұрыштарына, қалалардан алыс, табиғатқа, шулы көліктер жоқ жерде,  адамдар көп емес жерде тіпті, табиғат-ананың сұлулығынан ләззат алып саяхаттауды жөн көреді. Ал, дәл осындай жерлер кең байтақ Қазақстанда өте көп десе де болады.

Қазақстанда туризмді дамыту үшін бірінші кезекте Ақпараттық өрісті дамыту қажет. Қазақстандағы туристік ақпараттық жүйелер (АЖ) бірқатар проблемаларды бастан кешіруде, мысалы: бір типтілік, консервативтілік және т. б.

Бұл жұмыста ақпараттық туризммен байланысты бірқатар мәселелердің сипаттамасы, сондай-ақ шешімнің бір моделі ұсынылады. Негізгі мақсат – көп нұсқалы регрессия әдістерін қолдана отырып, туризмнің экономикалық өсуге, жұмыспен қамтуға және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына қалай әсер ететінін сандық талдау. Деректер әртүрлі аймақтық көздерден, соның ішінде Қазақстан Статистика агенттігінен, туризм департаментінің жазбаларынан және 2019 және 2022 жылдар аралығында жергілікті бизнес пен туристермен жүргізілген сауалнамалардан жиналды. Талдау туризммен байланысты қызмет пен әлеуметтік-экономикалық нәтижелер арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін көптеген регрессиялық модельдерді пайдаланды. Зерттеу туризмнің әсерін күшейтетін негізгі факторларды, соның ішінде инфрақұрылымды жақсартуды, қызмет көрсету сапасына инвестицияны және тұрақты тәжірибеге бағытталған стратегиялық маркетингті анықтайды. Бұл зерттеу басқа контекстердегі ұқсас зерттеулердің үлгісін ұсына отырып, аз танымал аймақтардағы туризмнің трансформациялық күшін тереңірек түсінуге ықпал етеді.