Меню
№ 2 (23) - 2024 / 2024-06-30 / Көрілім саны: 249
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Ақпараттық технологиялар мен бизнес-процестер бір-бірімен тығыз байланысты цифрландыру дәуірінде, блокчейн негізіндегі смарт-келісімшарттарды әзірлеу және енгізу автоматтандырудың, қауіпсіздіктің және тиімділіктің жаңа деңгейіне жетудің кілтіне айналуда. Бұл мақалада блокчейндегі ақылды келісім-шарттар процестерді ашық және тиімді ету арқылы келісім-шарттық міндеттемелердің орындалуын қалай жақсартуға болатыны туралы тереңірек қарастырылды. Зерттеуде смарт келісім-шарттардың техникалық бөлшектерін қарастырылды және олардың бизнес процедураларын оңтайландыру үшін практикалық қолданылуын зерттелді, ақпараттық қауіпсіздікке байланысты тәуекелдерді және жүйедегі осалдықтарды айтарлықтай төмендетеді. Әдістеме ретінде мақала Python бағдарламалау тілінде орындалған смарт келісімшартын қолданудың практикалық көрсетілімін ұсынады, масштабтауға және реттеуге байланысты мүмкіндіктер мен қиындықтар анықталды. Нәтижелер ақпараттық жүйелерге тигізетін жаңа инновациялық технологияларының тиімділігі пен қауіпсіздігін айтарлықтай жақсартатынын айқындалды, сонымен қатар мұндай технологияларды кеңінен енгізудегі кедергілер де атап өтіліп, оларды шешудің жолдары ұсынылды. Зерттеудің қорытындысы ақпараттық жүйелерді түрлендірудегі смарт-келісімшарттардың негізгі рөлін, қауіпсіз және тәуелсіз келісім-шартты орындаудың жаңа әдістерін ұсынады және олардың ақпараттық қауіпсіздік пен тиімділік үшін толық әлеуетін іске асыру үшін үздіксіз зерттеулер жүргізу қажеттілігін атап көрсетеді.