Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

№ 2 (23) - 2024 / 2024-06-30 / Көрілім саны: 66

МҰНАЙГАЗ ҰҢҒЫМАЛАРЫН БҰРҒЫЛАУ КЕЗІНДЕГІ БҰРҒЫЛАУ ЕРІТІНДІСІНІҢ СІҢІРІЛУІН ТӨМЕНДЕТУГЕ АРНАЛҒАН ПОЛИМЕРЛІК РЕАГЕНТ

Авторлар

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Мұнай және газ институты
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кілтті сөздер

мұнай, бұрғылау ерітіндісі, мақта гудроны, полиакриламид, каустикалық сода, ерітіндіні сіңіру, сіңіруді азайту, ИҚ спектроскопиясы

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.23-345

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Бимбетова, Г., Н. Бесбаева, Г. Эфендиев, К. . Надиров, і Н. Отарбаев. «МҰНАЙГАЗ ҰҢҒЫМАЛАРЫН БҰРҒЫЛАУ КЕЗІНДЕГІ БҰРҒЫЛАУ ЕРІТІНДІСІНІҢ СІҢІРІЛУІН ТӨМЕНДЕТУГЕ АРНАЛҒАН ПОЛИМЕРЛІК РЕАГЕНТ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 23, Червень 2024, doi:10.58805/kazutb.v.2.23-345.

Аңдатпа

Мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау кезінде ерітіндінің сіңірілуі  процесте туындайтын ең көп таралған қиындықтардың бірі, бұл уақыт шығындарының едәуір артуына әкелуі мүмкін. Бұл жұмыстың мақсаты мұнайгаз ұңғымаларын бұрғылау кезінде бұрғылау ерітіндінің сіңірілу жылдамдығын төмендетуге жағдай жасау болып табылады. Жеңіл бұрғылау, шаю ерітіндісі мақта майының май қышқылдарын вакуумдық дистилляциялау арқылы сабындалған гудрондармен модификацияланған полимерлі реагенттердің сазды ерітіндісін қосу арқылы алынды. ИҚ- спектроскопияның деректері негізінде мақта гудронымен модификацияланған полимерлі реагент полиакриламидтің құрылымдық зерттеулерінің нәтижелері келтірілген. Полимерлі композициялардың алынған спектрлік сипаттамаларының нәтижелері бойынша ісіну қасиеттері бар қалыптасқан кешеннің құрылымы туралы болжам жасалды, бұл бос тау жыныстарының  кеуектеріне ену жылдамдығын төмендетеді және осылайша ерітіндінің ұңғыманың құбырлы кеңістігіне "кетуіне" ықпал етеді.

Авторлар сабындалған мақта гудроны модификацияланған полимерлі реагент, полиакриламид алу үшін құнды шикізат болып табылады деген қорытындыға келді. Спектрлік сипаттамаларға сүйене отырып, бос тау жыныстарына ену кезінде қатты ісінуі бар қалыптасқан кешеннің құрылымы туралы болжам жасалады. Алынған композициялық полимерсазды ерітіндісі мұнайгаз ұңғымаларын бұрғылау кезінде бұрғылау ерітіндісінің сіңірілу жылдамдығын төмендету үшін қолдануға болады деген болжам жасалды.