Меню
№ 2 (23) - 2024 / 2024-06-30 / Көрілім саны: 58
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Жұмыста жергілікті су-мұнай эмульсияларын жою үшін деэмульгатор құрамының тиімділігі қарастырылды. Кен орындарын игерудегі өзекті мәселелердің бірі кен орындарында көмірсутектерді дайындау тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл мәселені шешу мұнайдың дайындалу дәрежесін едәуір арттыруға, дренажды сулармен көмірсутектердің жоғалуын азайтуға, сол арқылы экологияны жақсартуға және кәсіпорынға қосымша пайда әкелуге мүмкіндік береді. Қойылған міндеттерді шешу үшін әдеби деректерді жалпылау мен талдаудан, сондай-ақ ұқсастық, модельдеу, сандық және сапалық бақылау, зертханалық сынақтар, көп факторлы эксперимент жүргізу, математикалық статистика әдістерін қолдана отырып өңдеу деректерінен тұратын теориялық және эксперименттік зерттеулер кешені пайдаланылды. Компьютерлік бағдарламалық өнімдер негізінде ақпаратты өңдеу құралдары пайдаланылды. Су-мұнай эмульсиясының зертханалық сынақтарының нәтижелері, су құрамының физика-химиялық талдауы, далалық сынақтарға ұсынылған жаңа химиялық реагенттер-деэмульгаторлар келтірілген. Зертханалық зерттеулердің нәтижелерін талдай отырып, EASY-DE03-15 деэмульгаторының су-мұнай эмульсияларын сусыздандыру және Mix сынамасын тұзсыздандыру бойынша ең тиімді реагент екендігі анықталды.