Меню
№ 1 (22) - 2024 / 2024-03-31 / Көрілім саны: 107
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
ҚҰРАМЫНДА МЫРЫШ БАР ӨНІМ ҮШІН МЫС ЭЛЕКТРОЛИТІН ӨҢДЕУ
Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті,
Қ.Мұхамедханова көшесі, 37А, Астана, Қазақстан Республикасы
*e-mail: homarov1963@mail.ru
Аннотация. Мыстың электролиттік өндірісінің қалдық ерітінділерінің құрамында, мыс пен никель сульфаттарының, күкірт қышқылының, мышьяктың және мыс электролитінің басқа компоненттерінің, мөлшері бар. Мұндай ерітінділерді өңдеу бұл жұмыста қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар электролиттен әртүрлі құнды компоненттерді тауарлық өнімге алу тұрғысынан қарастырылады. E-pH диаграммасы негізінде барий мен мышьяктың, сондай-ақ олардың Ba(AsO2)2-Ba3(AsO4)2-H2O жүйесіндегі қосылыстарының өзара әрекеттесуіне термодинамикалық талдау жүргізілді. Мысты электрорафинерлеу ерітінділерінен мышьяк үшін тұндырғыш ретінде барий қосылыстарын қолдану мүмкіндігі көрсетілді. Барий оксидін қолдану арқылы электролиттен мышьякты (84%-дан астам) аз еритін барий арсенаты түрінде шығару тиімділігі анықталды. Жұмыс ерітіндісіне мырыш оксидінің есептелген мөлшерін енгізу арқылы, Cu, Ni және Zn белгілі концентрациялары бар ерітінділер түзуге болады. Мырыш оксидін ерітіндіге одан әрі енгізу арқылы оның терең мыссыздануына қол жеткізілді. Алынған мыс-никель-мырыш және никель-мырыш ерітінділері, электромембраналық әдіспен түсті металдар қорытпаларын алу үшін, шикізат болып табылады.
Түйінді сөздер: мыс электролиті, E-pH диаграммасы, мышьяк, барий оксиді, барий арсенаты, мыссыздандыру, мырыш оксиді, мыс, никель, мырыш, мембраналық электролиз, қорытпалар