Меню
№ 1 (22) - 2024 / 2024-03-31 / Көрілім саны: 108
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Берілген мақалада ақпараттық қауіпсіздік аудитінің бір мысалы, желі мен сервердегі осалдықтарды Metasploit Framework құралымен сканерлеу және осы құрылғы көмегімен басқа операциялық жүйеге қалай қашықтан қол жеткізуді жүзеге асыруға болатындығы қарастырылып, толықтай сипатталған. Жұмыс практикалық түрде қосымшаларды пайдалана отырып жасалынды. Аудит құралдары үшін негізгі назар Kali Linux операциялық жүйесі және олардың қазіргі ақпараттық қоғамда желілік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін зерттеу қарастырылды. Сонымен қатар, мақалада зерттеу мақсаттарын анықтаудан бастап нәтижелерді талдауға және ұсыныстарды тұжырымдауға дейінгі ақпараттық қауіпсіздік аудитінің негізгі кезеңдеріне шолу жасалды. Сондай-ақ, аудит процесінде қолданылатын негізгі құралдар мен технологиялар қарастырылады, бұл киберқауіпсіздік саласындағы білімді кеңейтуге және аудит жүргізу сапасын арттыруға ықпал етеді. Мақалада зерттеу жұмыстары бойынша ақпараттық қауіпсіздік саласына қызығушылар үшін тиімді мысалмен қосымша сипатталып көрсетілген.
Кілттік сөздер. Metasploit Framework, Meterpreter, aудит, ақпараттық қауіпсіздік, сканерлеу, шабуыл.