Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

№ 1 (22) - 2024 / 2024-03-31 / Көрілім саны: 136

АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАЛАУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті
Астана Медициналық университеті
әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Алматы технологиялық университеті

Кілтті сөздер

ағынды сулар, табиғи адсорбент, спектрофотометриялық зерттеу, седиментациялық талдау, шөгу жылдамдығы, сорбциялық тазарту, табиғи минералдар

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.22-305

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Мурзагалиева, М. ., Н. Ашимхан, А. Сапиева, Таныбаева A., і Г. Дарибаева. «АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАЛАУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ЗЕРТТЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 22, Березень 2024, doi:10.58805/kazutb.v.1.22-305.

Аңдатпа

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағынды суларын ауыр және улы металл иондарынан тазарту дәстүрлі реагенттік әдіспен, сорбциялық және мембраналық технологиялармен жүзеге асырылады. Қарапайым, арзан, қолжетімді және тиімді әдістердің бірі - сорбциялық тазарту болып келеді. Сорбциялық тазарту әдісінің ерекшелігі көпкомпонентті ерітінділерден іріктеп сіңіру қасиеті және тазарту эффективтілігі жоғары болып келеді. Сорбциялық технологиямен ірі тонналық өндірістік ағынды суларды залалсыздандыру үшін адсорбциялық - белсенді материалдарға бірқатар талаптар қойылады. Соның бірі - тез сүзгілеу технологиясы кезінде, олардың құрамы кең ауқымды, полифункцияналды болу керек. Сорбция әдісі ерітіндіден улы заттарды бөліп алып, өңделген ағынды су арқарай қолдануға жіберіледі. Тазартылған ағынды суларды техникалық айналымдағы сумен жабдықтау жүйесінде қолдануға болады. Зерттеу мақсаты -  өндірістік ағынды суларды ауыр және улы метал  иондарынан сорбциялық тазарту үшін табиғи адсорбенттердің ағынды және таза судағы ерітінділерінің рН мәнін, суспензиялардағы бөлшектердің өлшемдерін, бөлшектердің шөгу жылдамдығын және адсорбциялық қасиетін зерттеу болып табылады. Алматы облысынан шыққан табиғи минералдардың бентонит-монтмориллонит, қызыл бентонит, цеолит және диатомит сорбциялық қасиеті жоғары, яғни өндірістік ағынды суларды сорбциялық тазалау үшін қолдануға болатыны анықталды.