Меню
№ 2 (23) - 2024 / 2024-06-30 / Көрілім саны: 132
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Мақалада компьютерлік желілерде ақпарат жинау әдістері және олардың қазіргі цифрлық қоғамдағы желілік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы қарастырылады, яғни компьютерлік желілердегі ақпаратты түсіру құралдарының желілік қауіпсіздігі талданады. Қазіргі ақпараттық қоғамда бұл құралдардың маңызы артып келеді. Трафикті талдау процесі желі арқылы берілетін деректерді бақылау, жазу және талдау арқылы ауытқулар мен ықтимал қауіптерді анықтауды қамтиды. Мақалада Wireshark, Tcpdump және Macof сияқты құралдардың функционалдығы мен қолдану әдістері тереңірек қарастырылған. Осы құралдарды қолдану әдістері талқыланып, олардың әрқайсысының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері көрсетілген. Әртүрлі желілік құралдарды тиімді пайдалану арқылы желідегі қауіп-қатерлерді алдын-ала анықтау және жою мүмкіндігіне баса назар аударылды. Бұл құралдардың көмегімен желілік қауіпсіздік деңгейін арттыруға, желі ақауларын жылдам табуға және жоюға болатыны көрсетілген. Сонымен қатар, мақалада әрбір құралдың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыра отырып, олардың қай жағдайда тиімді екені анықталды