Меню
№ 1 (22) - 2024 / 2024-03-31 / Көрілім саны: 62
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл мақалада мұнай-газ өнеркәсібінде қолданылатын бұрғылау бағаны қозғалысының математикалық моделі құрылып, неғұрлым аз шығынмен, бағана қозғалысының орнықтылығын сақтайтын тез және өнімді нәтижеге қол жеткізетін параметрлер шамалары анықталды. Жоба барысында тік ұңғымадағы бұрғылау бағанасының төменгі жағы екі жүктеменің: осьтік жүктеме күш және бағананың өзіндік салмағы әсерінде болатын модель қарастырылды. Қарастырылып отырған модель көпөлшемді, периодты, бағана орнықтылығына әсер ететін бірнеше параметрлерді қамтиды. Көпөлшемді модельдің күрделігіне байланысты Бубнов-Галеркиннің айнымалыларды бөлу әдісі арқылы модель екінші ретті қарапайым дифференциалдық теңдеулер жүйесіне келтірілді. Математикалық модельдің шешімін ішінара іріктеу әдісін арқылы шығарып, C++ бағдарламалық тілі мен Matlab қолданбалы бағдарламалық пакетінде есептеулер жүргізе отырып, графикалық нәтижелер алынды. Бұрғылау бағанасының тұрақтылығының өзгерісін бұрғылау моделінде кездесетін әртүрлі параметрлердің мәндерін өзгерту арқылы өзара салыстыстырулар жүргізіліп тиімді шешімі қарастырылды.
Бұрғылау бағанының параметрлерінің тербеліс амплитудасына әсеріне талдау жүргізілді. Айналу жиілігі мен бағана ұзындығының айтарлықтай әсері анықталды.