Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

№ 2 (23) - 2024 / 2024-06-30 / Көрілім саны: 91

ҚЫМЫЗ ӨНДІРІСІНДЕ ТАБИҒИ ҚОСПАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Авторлар

Алматы технологиялық университеті
Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

Кілтті сөздер

сүт, бие сүті, сиыр сүті, ана сүті, қымыз, қара өрік ұнтағы, функционалдық тамақ, пробиотикалық, пребиотикалық.

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.23-282

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Диханбаева, Ф. ., Г. . Есиркеп, Г. . Жунусова, Ж. Нармандах, і Б. Б.Калемшарив. «ҚЫМЫЗ ӨНДІРІСІНДЕ ТАБИҒИ ҚОСПАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 23, Червень 2024, doi:10.58805/kazutb.v.2.23-282.

Аңдатпа

Берілген мақалада зерттеудің негізгі мақсаты - адам денсаулығына пайдалы әсер ететін бие сүті  және қымызды өндірудің дәстүрлі әдісін қолдана отырып қара өрік қосылған қымызды алудың сапасы мен технологиясын жаңарту, жаңа құрамды бие сүтінен қара өрік ұнтағы араласқан үлгілеріне арналған ғылыми негізделген рецепттерді құрастырып, пробиотикалық ашытылған бие сүтін дайындау болып табылады.

Соңғы уақытта бие сүтін өндіруге қызығушылық арта түсті, себебі оның құрамында көптеген құнды қоректік заттар бар, сонымен қатар денсаулықты жақсартатын қасиеттер бар. Адам мен бие сүтіндегі Ca-P қатынасы сиыр сүтіндегі қатынаспен салыстырғанда Ca-ны сіңіру үшін қолайлы екені көрсетілді.

Зерттеу кезеңі нәтижесінде пробиотикалық ашытылған бие сүті, қара өрік ұнтағы, жоғары талшықты және пробиотикалық ашытылған бие сүті дайындалып, қара өрік қосылған қымызды дайындау технологиясы үлгілік сызбасы әзірленді.

Осылайша, қымыз өнімінің технологиясын әзірлеу жоғарғы тұтынушылық қасиеттері бар функционалды тамақ өнімдерін құрудың жаңа және перспективалы тәсілі болып табылады.