Меню
№ 1 (22) - 2024 / 2024-03-31 / Көрілім саны: 121
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Аңдатпа. Бұл жұмыстың мақсаты цилиндрлік сырықтың тұрақты қимасы мен шектеулі ұзындығының термофизикалық күйін зерттеу болып табылады. Бұл жұмыс тұрақты қиманың және шектеулі ұзындықтың жылу-физикалық күйін зерттеуді автоматтандыруға арналған. Зерттеуді автоматтандыру процесі энергияны сақтау заңдарына сүйенеді. Тұрақты көлденең қимасы цилиндр тәрізді болып келетін үш өлшемді дене қарастырылады. Алайда зерттелетін құбылыстардың күрделілігіне байланысты қазіргі математикалық әдістермен ішінара туындылардағы аналитикалық дифференциалдық теңдеулер шешіледі. Сондай-ақ практикалық қолдануға жарамды шешудің көптеген әдістері бар. Қойылған міндет цилиндрлік координаттар жүйесінде ішінара туындылардағы теңдеуге келтіру арқылы шешіледі, оны шешу үшін тиісті алгоритм әзірленеді. Алынған нәтижелер декарттық координаттар жүйесіне аударылады. Осылайша бастапқы міндет шешіледі. Сандық есептеулердің нәтижелерін бірнеше файлға орналастыратын сырық бойымен температураның таралуын табу программасы жасалды. Динамикадағы (уақыт бойынша) сандық есептеулердің нәтижелері кесте түрінде көрсетіледі және бір өлшемді графиктер түрінде беріледі. Жылу өткізгіштік теңдеуін зерттеу үшін интервалдық математиканы қолдану перспективалық бағыт болып табылады.
Түйін сөздер: жылу өткізгіштік, жылу оқшаулау, температура, стационарлық емес жылу-физикалық процесс, энергия.