Меню
№ 1 (22) - 2024 / 2024-03-31 / Көрілім саны: 78
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Қазақстанда түйе шаруашылығы - мал шаруашылығының дәстүрлі қалыптасқан саласы. Жартысы шөлді және шөлейт аймақтарда орналасқан Қазақстанның кең аумақтарын шаруашылық игеруде түйе шаруашылығының ұлттық экономикалық маңызы зор. Түйе сүті және оның негізіндегі өнімдер құнды пробиотикалық бактериялардың көзі болып табылады. Шұбат - түйе сүтінен жасалған ұлттық сусынның мал шаруашылығы өнімдерінің арасында тағамдық жағынан да, емдік жағынан да баламасы жоқ. Биологиялық қасиеттері бойынша шұбат тек қоректік және дәмді өнім ғана емес, сонымен қатар әртүрлі биологиялық белсенді заттардың көзі болып табылады. Бұл зерттеу мақаласында Қазақстанның әртүрлі географиялық аймақтарының шұбаттарынан бөлініп алынған сүтқышқыл бактериялары штаммдары Lactococcus тұқымдасы зерттелді. Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының фермерлік шаруашылықтарынан алынған шұбат сынағы зерттеуге алынып, алдымен олардың органолептикалық қасиеттері анықталған. Бөлініп алынған Lactococcus штаммдарының физиологиялық және биохимиялық қасиеттері зерттелген. Зерттеліп отырған шұбаттардың үлгілерінен бөлініп алынған Lactococcus штаммдарының қасиеттерінің ұқсастығына байланысты 3 топқа бөлінді. Бұл штаммдардың көмірсуды ашыту ерекшелігі, әртүрлі температурада өсу ерекшеліктері анықталды. Әртүрлі облыстың шұбаттарынан бөлініп алынған Lactococcus штаммдарының түрлерінің саны, түрлік құрамы және кездесу жиілігі бойынша да зерттеу жүргізілді.