Х.Б., О., А. З.Б., А. С.К., і К. И.К. «E-PH МЕН ПАРЦИАЛДЫ ҚЫСЫМДАР ДИАГРАММАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ Mn, As– ҚҰРАМДЫ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ ТАЛДАУЫ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 3, вип. 16, Вересень 2022, doi:10.58805/kazutb.v.3.16-26.
Мышьякты кәдеге жарату және оның құрамындағы қалдықтарды пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып қала береді. Металлургиялық кәсіпорындардың өндіріс айналымынан әртүрлі формадағы мышьякты алып тастау экологиялық мәселені шешпейді, кәсіпорындарға іргелес аумақтар біртіндеп еріген және жинақталуы нәтижесінде құрамын-да мышьяк бар қосылыстармен біртіндеп ластануға және улануға ұшырайды. Ғалымдардың зерттеулері мыс өндірісінің күкірт қышқылы ерітінділерінен мышьякты жою үшін марга-нец қосылыстарын қолданудың тиімділігін көрсетті. Марганец және оның қосылыстары салыстырмалы түрде құнды шикізат болғандықтан, құрамында марганец, мышьяк бар қал-дықтарды көму мақсатқа сай емес. Мақалада алғаш рет потенциал-рН диаграммалары мен парциалды қысымдар негізінде марганец пен мышьяк әрекетінің термодинамикалық талда-уы жүргізілді. Құрамында марганец және мышьяк бар жүйелердегі химиялық реакциялар-дың жүруі, реакциялардың бағыттары және олардың құрамдас фазаларының тұрақтылығы, қатысатын компоненттердің, және қосылыстарының мүмкүнді күйінің термодинамикасы, олардың тұрақтылық аймақтары, тотығу және тотықсыздану процестері өнімдердің хими-ялық табиғаты зерттелді.Марганец арсенатының бар болу аймақтары анықталды, марганец және мышьяк қо-сылыстарынан марганец арсенатын алудың химиялық және электродтық реакциялары қа-растырылды. Жұмыс нәтижелері аздап еритін марганец арсенаты түріндегі ерітінділерден мышьякты алу үшін марганец қосылыстарын қолдану мүмкіндігін растайды, оны өнім ретінде бөліп алуға болады.