Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

№ 1 (22) - 2024 / 2024-03-31 / Көрілім саны: 74

ОҢТҮСТІК ТОРҒАЙ ОЙПАТЫНЫҢ ПАРАФИНДІ МҰНАЙЫН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Авторлар

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
НАО "Южно-Казахстанский университет им. М.Ауэзова"
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кілтті сөздер

парафинистая нефть, подготовка нефти, реагент, поверхностно-активные вещества, жирные кислоты, реологические свойства, госсиполовая смола

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.22-244

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Затыбеков, К. ., М. . Жантасов, К. . Надиров, А. . Бегимова, і А. . Джусенов. «ОҢТҮСТІК ТОРҒАЙ ОЙПАТЫНЫҢ ПАРАФИНДІ МҰНАЙЫН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 22, Березень 2024, doi:10.58805/kazutb.v.1.22-244.

Аңдатпа

Мақалада мұнай өндіру өнеркәсібінің – мұнайды кәсіпшілік дайындаудың өзекті мәселелері келтірілген. Авторлар жасаған Қызылорда кенорындарында өндірілетін суланудың жай-күйін талдау негізінде мұнаймен бірге табиғи беттік-белсенді заттармен (ББЗ) және шайырлар мен тұрақтандырылған тұрақты су-мұнай эмульсияларын құрайтын судың 90%-на дейін өндірілетіні көрсетілген. Парафинді мұнайөндіру кезінде ұңғыма өнімдерін кәсіпшілік дайындау жағдайында негізгі мәселе тұрақты су-мұнай эмульсияларының бұзылуы болып табылады. Бұл құбылыстар ұңғымалардан мұнайөндіруді едәуір қиындатады, мұнайөндіру жабдықтарының, құбыр коммуникацияларының жұмысына теріс әсер етеді. Мұның салдары мұнайкәсіпшілігі жабдықтарыныңда, көмірсутек шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындарының жабдықтарыныңда коррозия процестері болып табылады.

Мұнайды тасымалдауға дайындау кезінде негізінен импорттық өндірістің реагенттері қолданылады, бұл мұнайөндіретін және өңдейтін компанияларға айтарлықтай қаржылық шығындар әкеледі. Сондықтан жергілікті шикізатты пайдалана отырып алынған ұңғыма өнімдерін эмульсиялау үшін неғұрлым қолжетімді реагенттерді пайдалану өзекті және экономикалық тұрғыдан орынды шешім болып табылады. Су-мұнай эмульсияларын неғұрлым тиімді жоюға аралас әдісті қолданған жағдайда қолжеткізуге болады, мысалы эле ктроде гидра торлар немесе экстрокоалесценттер қашықтағы элементтерінің функциясын орындайтын электрокоалестирлеу пайдалану. Бұл авторлардың пікірінше электр энергиясын тұтынуды азайтуға және мұнайды сусыздандыру мен тұзсыздандыру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді