Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

№ 4 (21) - 2023 / 2023-12-22 / Көрілім саны: 83

Aл МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫ БИОРЕМЕДИАЦИЯЛАУ

Авторлар

Қазақ технология және бизнес университеті
Тюмень индустриалдық университеті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

Кілтті сөздер

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.4.21-180

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Өнерхан , Г., Л. Скипин, Е. Баделгажы, Е. Жумай, і Е. Сыздыков. «Aл МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫ БИОРЕМЕДИАЦИЯЛАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 4, вип. 21, Грудень 2023, doi:10.58805/kazutb.v.4.21-180.

Аңдатпа

Мақалада мұнай өнімдерімен ластанған топырақты көмірсутегін тотықтырушы микроорганизмдер негізінде жасалған Бакойл-KZ биопрепаратымен тазарту  жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде топырақтағы мұнай өнімдерінің мөлшері 67,8% дан 97,2% дейін төмендеп,  топырақты тазалауда Бакойл-KZ биологиялық препаратының 2г/кг нұсқасы ең тиімді нұсқа екендігі анықталды.  Мұнай өнімдерінен топырақты тазартқаннан кейін тазартылған топыраққа морфологиялық талдау жасалынып, топырақтың фитоулылығын анықтау үшін  кресс-салаты көмегімен биотестілеу жүргізілді. Нәтижесінде биотестілеу көрсеткіштері алдыңғы зерттеу нәтижелерін толықтырып, Бакойл-KZ (2г/кг) биопрепараты бар нұсқа ешқандай улылық қасиет көрсеткен жоқ, яғни топырақ толығымен биоремедиацияланған.  Бакойл-KZ (1г/кг) қосқан  нұсқаларында тұқымдар 84-82%,  Бакойл-KZ (5г/кг) нұсқаларында тұқымдар 88-90% өніп шығып, топырақтың мұнай өнімдерінен біршама тазарғандығын көрсетті. Ал, ластанған топырақтағы, биопрепарат қосылмаған топырақтағы тұқымдардың  19-23 данасы (38-46%) ғана өніп шықты. Бұдан табиғатта өздігінен тазару процесі жүретіндігін байқаймыз, бірақ өте баяу жүреді және мұнай өнімдерімен көп ластанған топырақты толығымен тазарта алмайтындығын анықтадық. 

          Осындай микроорганизмдер негізінде жасалынған препаратты пайдалану экологиялық жағынан зиянсыз, экологиялық апаттарды болғызбайтындығы, шығын аз кететіндігі, әр түрлі масштабтағы жер көлемін тазартуға болатындығы анықталды және мұндай тазартылған топырақ экожүйеге қайта оралғанда ешқандай зияны болмайды.