Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

№ 4 (21) - 2023 / 2023-12-22 / Көрілім саны: 67

ОПТИМУМДАР БОЙЫНША АСТЫҚ СУСЫНДАРЫН ӨНДІРУ ҮРДІСІНІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛІН ҚҰРАТЫН РЕГРЕССИЯ ТЕҢДЕУІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

Қазақ технология және бизнес университеті
Қазақ технология және бизнес университеті
Қазақ технология және бизнес университеті
Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университету

Кілтті сөздер

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.4.21-171

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Хастаева , А. . ., А. Бектурганова, А. . Омаралиева, А. . Сериков, і А. . Мыржыкбаева. «ОПТИМУМДАР БОЙЫНША АСТЫҚ СУСЫНДАРЫН ӨНДІРУ ҮРДІСІНІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛІН ҚҰРАТЫН РЕГРЕССИЯ ТЕҢДЕУІН ЗЕРТТЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 4, вип. 21, Грудень 2023, doi:10.58805/kazutb.v.4.21-171.

Аңдатпа

Математикалық модельдеуді қолдана отырып, астық сусындарын өндірудегі технологиялық параметрлерді оңтайландыру бойынша зерттеулер жүргізілді. Регрессия теңдеуі болып табылатын шикізатты дайындаудың технологиялық үрдісінің математикалық моделін алу үшін екінші ретті айналмалы жоспар (Бокс жоспары) қолданылды. Алынған үш өлшемді бетті талдау сұлының оңтайлы ақуыз мөлшері 10,5 г, ал ұнтақтау мөлшері 1 мм, қуыру температурасы 175 ºС, қуыру уақыты 5 минут екенін көрсетті. Қарақұмықтағы оңтайлы ақуыз мөлшері 10,8 г, ұнтақтау өлшемі 1 мм, қуыру температурасы 150 ºС, қуыру уақыты 10 минут. Сәйкесінше, күріштегі ақуыз мөлшері 7,1 г, ұнтақтау өлшемі 1 мм, қуыру температурасы 150 ºС, қуыру уақыты 10 минут. Осылайша, алынған нәтижелер әзірленген математикалық модельді қолдану арқылы зерттелетін үрдісті оңтайландыруға мүмкіндік береді.