Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 112

КӨМІРДІҢ КҮЛ-ҚОЖ ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕУ ПРОЦЕСІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Авторлар

Қ. Құлажанов ат. Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0001-9171-2238
Қ. Құлажанов ат. Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0003-2931-652X
Қ. Құлажанов ат. Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0002-0977-0058
Қ. Құлажанов ат. Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0002-9844-6291
Ә. Сағынов ат. Қарағанды техникалық университеті
https://orcid.org/0009-0003-6092-4790
Қ. Құлажанов ат. Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0003-3733-2749

Кілтті сөздер

күл-қож қалдықтары, көмір күлі, кремний диоксиді, күлді қайта өңдеу, кремний диоксидін бөліп алу, экспериментті жоспарлау, бөліп алу дәрежесі, процесті оңтайландыру

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.31-1705

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Нургалиев , Н.У., et al. «КӨМІРДІҢ КҮЛ-ҚОЖ ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕУ ПРОЦЕСІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 31, Червень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.2.31-1705.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта көмір өнеркәсібінің күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу экологиялық жүктемені азайтуға және бағалы өнімдерді алу үшін қайталама шикізат ретінде техногендік қалдықтарды тартуға бағытталған өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Құрамында кремний бар компоненттердің көп болуымен сипатталатын көмірді жағу кезінде пайда болатын күл-қож қалдықтарынан кремний диоксидін алу үлкен қызығушылық тудырады. Мақалада SiO2 кремний диоксидін бөліп алу және процесті жүргізудің оңтайлы шарттарын анықтау мақсатында «Богатырь» разрезінің көмір күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу процесіне технологиялық параметрлердің әсері зерттелді. Процестің заңдылықтарын анықтау үшін n = p2 типті 4-факторлы матрицаны қолдана отырып, экспериментті математикалық жоспарлау әдісі және эксперименттік деректерді статистикалық өңдеу пайдаланылды. Негізгі өзгермелі факторлар ретінде процесс температурасы, сілтілі ерітіндінің концентрациясы, термиялық өңдеу уақыты және сұйық/қатты массалық қатынасы зерттелді. Эксперименттік деректер негізінде зерттелген факторларға байланысты SiO2 бөліп алу дәрежесінің жеке тәуелділіктері құрылды, корреляция коэффициенттері анықталды және зерттелетін процесті барабар сипаттайтын жалпыланған Протодьяконов теңдеуі алынды. Алынған нәтижелер кремнеземқұрамды және металлқұрамды өнімдер алуға бағытталған көмір кен орындарының күл-қож қалдықтарын кешенді қайта өңдеу технологияларын әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.