Экономика, бизнес және қызмет көрсету

Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 86

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯСЫ: АГРАРЛЫҚ МАМАНДАНУ, ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ТИІМДІЛІГІ

Авторлар

С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0001-9878-8948
С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0003-4428-8846
С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0002-9646-3493
С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0002-0853-6235
С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0003-3935-6533
С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0002-5629-0698

Кілтті сөздер

өңірлік дифференциация, ауыл шаруашылығы, аграрлық мамандану, инвестициялық белсенділік, ауыл шаруашылығының рентабельділігі, аграрлық саясат, Қазақстан өңірлері, аграрлық өндіріс

DOI сілтемесі:

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Юсупова, С.А., et al. «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯСЫ: АГРАРЛЫҚ МАМАНДАНУ, ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ТИІМДІЛІГІ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 31, Червень 2026, https://vestnik.kaztbu.edu.kz/index.php/kazutb/article/view/1684.

Аңдатпа

Мақалада аграрлық дамудың кеңістіктік әркелкілігі жағдайындағы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының өңірлік дифференциациясының ерекшеліктері зерттелген. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан өңірлеріндегі аграрлық мамандану деңгейі, салалық құрылым, инвестициялық белсенділік және ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі арасындағы өзара байланысты талдау. Зерттеудің ақпараттық негізін 2024 жыл бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының ресми статистикалық деректері құрады. Атап айтқанда, жалпы өңірлік өнім, ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы, өсімдік және мал шаруашылығының рентабельділігі, сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығына салынған негізгі капитал инвестициялары пайдаланылды. Зерттеу барысында салыстырмалы, құрылымдық, экономикалық-статистикалық және жүйелік талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері өңір экономикасындағы ауыл шаруашылығы үлесінің жоғары болуы әрдайым аграрлық өндірістің жоғары рентабельділігімен сәйкес келмейтінін көрсетті. Өңірлер арасында аграрлық мамандану, инвестициялық белсенділік және ауыл шаруашылығы тиімділігінің үйлесуі бойынша елеулі айырмашылықтар анықталды.

Зерттелген көрсеткіштерді салыстыру негізінде Қазақстан өңірлерінің тұрақты аграрлық, проблемалық аграрлық, инвестициялық-тиімді және әлсіз аграрлық даму модельдерін қамтитын типологиясы ұсынылды. Инвестициялық белсенділік ауыл шаруашылығының өңірлік дифференциациясын қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі екендігі және аграрлық өндірістің жаңғыртылуы мен нәтижелілігіне әсер ететіні анықталды. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының сараланған өңірлік аграрлық саясатын әзірлеу барысында қолданылуы мүмкін.