Экономика, бизнес және қызмет көрсету

Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 93

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ

Авторлар

Жәнгір хан ат. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
https://orcid.org/0000-0003-3294-3698
Жәнгір хан ат. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
https://orcid.org/0000-0003-2960-2956
Нархоз Университеті
https://orcid.org/0000-0002-9900-9886

Кілтті сөздер

ипотека, цифрлық трансформация, несие, тұрғын үй бағдарламасы, коммерциялық банк, пайыздық мөлшерлеме

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.31-1639

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Абдешова, А.Ш., et al. «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 31, Червень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.2.31-1639.

Аңдатпа

Қазақстан нарығында цифрлық ипотекалық несиелендіру, оның ішінде қашықтан банктік қызметтерді пайдалану, берілген ипотекалық несиелер санының өсуімен қатар қарқын алуда. Бұл мақала осы сектордағы цифрландырудың қазіргі артықшылықтарын көрсете отырып, ипотекалық несиелеудің цифрлық трансформациясын зерттейді. Негізгі аспектілер мен тақырыптың өзектілігін талдау үшін ипотекалық несие нарығының деректерін өңдеудің статистикалық әдістері, математикалық есептеулер, коммерциялық банктердің жылдық есептерін талдау, ақпаратты ұсынудың көрнекі әдістері, салыстырмалы талдау, ақпаратты жүйелеу қолданылды.Тұрғын үй бағасының өсуіне ықпал ететін факторлар ұсынылып, валютаны, аймақты, ипотекалық бағдарламаның түрін және ипотекалық портфель құрамын ескере отырып, 2015-2025 жылдар аралығында екінші деңгейлі қазақстандық банктердің жеке тұлғаларға берген ипотекалық несиелеріне зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, зерттеу барысында ипотекалық тұрғын үйді несиелендіру нарығының жетекші ойыншысы болып табылатын «Отбасы Банкі» АҚ-ның депозиттік портфелінің өнімділігі онлайн және бейне банкинг қызметтері арқылы бағаланған негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалды.«Цифрлық ипотека» пилоттық жобасының әлеуеті мен бағдарламаға тартылған коммерциялық банктер беретін ипотекалық несиелер көлемі арасында салыстыру жүргізілді.

Талдау көрсеткендей, «Фридом Банк Қазақстан» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ осы жоба бойынша несие берудің негізгі көшбасшылары болып табылады. Цифрлық ипотека нарығының дамуын тежейтін негізгі факторлар анықталып, оларды еңсеру бойынша ұсыныстар тұжырымдалды.

Цифрлық дәуірдегі жеке тұлғаларға төнетін ең маңызды қатерлердің бірі – алаяқтыққа ерекше назар аударылады және клиенттерді қорғау үшін «Stop-Credit» қызметін пайдалану мүмкіндігі талқыланады. Осы ұсынылған шараларды жүзеге асыру нарықтың барлық қатысушылары үшін цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ипотекалық несиеге өтініш беру процесін айтарлықтай жеделдете алады.