Меню
Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 108
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Зерттеу жұмысында Қарағанды облысы (Қазақстан Республикасы) аумағында гүлдену фазасында жинақталған Linaria vulgaris Mill. өсімдігінің жер үсті бөлігінің технологиялық параметрлері мен химиялық құрамдары зерттелді. Шикізаттың меншікті және үйінді массасының, кеуектілігінің және экстрагентті сіңіру коэффициентінің оңтайлы мәндерімен ерекшеленді.
Экстракция 96% этанол арқылы мацерация әдісімен жүргізіліп, ротациялық булатқышта қоюландырылды. Сығынды шығымы 9.19 ± 0.16% болды. HPLC-ESI-QTOF-MS/MS әдісімен жүргізілген фитохимиялық талдау флавоноидтар, фенолдық қышқылдар және фитостеролдар сияқты кең спектрлі қосылыстар бар екенін анықтады.
Тәжірибелік және теориялық m/z мәндерін салыстыру қосылыстардың дәл анықталғанын көрсетті. Алынған нәтижелер Linaria vulgaris Mill. өсімдігінің биологиялық белсенді қосылыстар көзі ретінде әлеуетін көрсетеді және ұсынылған әдістің стандарттау және одан әрі фармакологиялық зерттеулер үшін тиімділігін растайды.