Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 116

ҚЫЗЫЛША НЕГІЗІНДЕГІ ТАБИҒИ БОЯУДЫ ҚОНЦЕНТРАТ ЖӘНЕ ҰНТАҚ ТҮРІНДЕ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Авторлар

Шәкәрім университеті
https://orcid.org/0000-0001-5139-9291
Қaзақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми зерттеу институтының Семей филиалы
https://orcid.org/0000-0002-8556-9954
Қaзақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми зерттеу институтының Семей филиалы
https://orcid.org/0000-0003-4862-3293
Қaзақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми зерттеу институтының Семей филиалы
https://orcid.org/0009-0001-0735-9783
Шәкәрім университеті
https://orcid.org/0009-0001-8780-3572

Кілтті сөздер

табиғи бояғыш, қызылша концентраты, қызылша ұнтағы, су активтілігі, экстракт

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.31-1595

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Окусханова , Э.К., et al. «ҚЫЗЫЛША НЕГІЗІНДЕГІ ТАБИҒИ БОЯУДЫ ҚОНЦЕНТРАТ ЖӘНЕ ҰНТАҚ ТҮРІНДЕ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 31, Червень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.2.31-1595.

Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысында қызылшадан табиғи бояғыш алу технологиясы қарастырылды. Табиғи бояғыш екі түрде дайындалып алынды. Олар сұйық концентрат және ұнтақ түрінде болды. Зерттеу барысында алынған өнімнің физикалық және органолептикалық қасиеттері (түсі, иісі, дәмі және консистенциясы), рН және су белсенділігі анықталды. Зерттеу нәтижесінде қызылша ұнтағының су белсенділігі өте төмен екенін көрсетті (0,1525). Бұл оның жоғары тұрақтылығын және ұзақ сақтау мерзімін көрсетеді. Сұйық концентраттың су белсенділігі жоғары болды (0,9742). Бұл қатаң температура мен сақтау шарттарының қажеттілігін көрсетеді. Алынған екі бояғыш түрінің рН мәндері ұқсас болды (5,66 және 5,70). Бұл олардың тұрақтылығын көрсетеді. Сонымен қатар, қызылшадағы табиғи бетацианин пигменттері бояғыштың түс қарқындылығын ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, қызылша бояғышы экологиялық таза және пайдалы табиғи қоспа болып саналады. Оны ет өнімдерінде қолдану олардың сақтау мерзімін ұзартады және нитриттердің мөлшерін азайтуға көмектеседі. Бұл сонымен қатар өнімде табиғи бояғыштарды қолдану оның биологиялық құндылығын арттыратынын көрсетеді.