Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 114

ОКТАДЕЦЕН-1 МЕН ДИОКТАДЕЦИЛФУМАРАТ НЕГІЗІНДЕГІ СОПОЛИМЕРЛЕРДІ СИНТЕЗДЕУ ЖӘНЕ ПАРАФИНДІ МҰНАЙЛАРҒА АРНАЛҒАН ДЕПРЕССОРЛЫҚ ҚОСЫМ РЕТІНДЕ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

С. Өтебаев ат. Атырау мұнай және газ университеті
https://orcid.org/0009-0000-3053-1441
С. Өтебаев ат. Атырау мұнай және газ университеті
https://orcid.org/0000-0002-2298-4800
С. Өтебаев ат. Атырау мұнай және газ университеті
https://orcid.org/0000-0002-2733-986X
Х. Досмұхамедов ат. Атырау университеті
https://orcid.org/0000-0003-3024-6020
Қ. Құлажанов ат. Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0002-9844-6291

Кілтті сөздер

парафинді мұнай, депрессорлық қосымдар, октадецен-1, диоктадецилфумарат, сополимер, мұнайдың төменгі температуралық қасиеттері

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.31-1572

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Тилегенов , А.А., et al. «ОКТАДЕЦЕН-1 МЕН ДИОКТАДЕЦИЛФУМАРАТ НЕГІЗІНДЕГІ СОПОЛИМЕРЛЕРДІ СИНТЕЗДЕУ ЖӘНЕ ПАРАФИНДІ МҰНАЙЛАРҒА АРНАЛҒАН ДЕПРЕССОРЛЫҚ ҚОСЫМ РЕТІНДЕ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 31, Червень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.2.31-1572.

Аңдатпа

Бұл жұмыста парафинді мұнайлардың төмен температуралық және реологиялық қасиеттерін жақсартуға арналған депрессорлық қоспа ретінде октадецен-1 мен диоктадецилфумарат негізіндегі сополимерлерді синтездеу және олардың тиімділігін зерттеу қарастырылды. Октадецен-1 (ОД) және диоктадецилфумарат (ДОДФ) мономерлерінің радикалды сополимерлену реакциясы бензойл асқын тотығы инициаторының қатысында, толуол ортасында, азот атмосферасында жүргізілді. Әртүрлі мольдік қатынаста (ДОДФ:ОД=1:0,5; 1:1; 1:1,5; 1:2) төрт сополимер синтезделіп, олардың шығымы 74,65-87,12% аралығында болды. Алынған сополимерлердің құрылымы ИҚ-Фурье-спектроскопия әдісімен расталды, ал сипаттамалық тұтқырлық мәндері тұтқырлықты өлшеу әдісімен анықталды. Синтезделген сополимерлер Ақшабұлақ кен орнының парафинді мұнайына 50-500 ppm концентрация аралығында депрессорлық қосым ретінде енгізіліп, олардың мұнайдың реологиялық қасиеттеріне әсері зерттелді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ДОДФ:ОД=1:1 мольдік қатынаста алынған сополимер 50 ppm концентрацияда ең жоғары тиімділік көрсетті. Аталған қоспа мұнайдың тұтқырлығын 5 °C температурада 0,83411 Па·с-тен 0,13478 Па·с-ке дейін төмендетіп, ағын жоғалту температурасын 9 °C-ден -3 °C-ке дейін түсірді.

Алынған нәтижелер ОД және ДОДФ негізіндегі сополимерлердің парафинді мұнайлардың ағымдылығын арттыруда және төмен температуралық қасиеттерін жақсартуда тиімді депрессорлық қосым ретінде қолдануға болатынын дәлелдейді.