Меню
Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 102
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Соңғы жылдары мұнай-химия өнеркәсібіндегі шикізаттың үлесін мұнай кен орындарының ілеспе газдары алып отыр. Ілеспе мұнай газы мұнай химиясы үшін құнды шикізат болып табылады. Қазақстанның газ саласы одан әрі даму үшін айтарлықтай әлеуетке ие, бұл болашақта Қазақстанды табиғи газдың жетекші өңірлік өндірушілерінің қатарына қосуға мүмкіндік береді. Көмірсутек шикізаты алынатын Қазақстанның кен орындары мұнаймен бірге өндіру кезінде жүретін ілепе газдың 60%-дан асатын жоғары құрамымен сипатталады [1]. Бұл мақалада пропанды өңдеу және пропилен алу үшін шикізат ретінде одан әрі пайдалану мақсатында газ-адсорбциялық хроматография әдісімен Чинаревское кен орнының (Батыс Қазақстан облысы) ілеспе мұнай газының компоненттік құрамы мен тығыздығына, сонымен бірге мұнайдың физика-химиялық сипаттамаларына талдау жүргізілді. Чинаревское кен орнының мұнайын бөлгеннен кейін алынған ілеспе мұнай газын UOP "Oleflex" технологиясын пайдалана отырып, пропанды дегидрлеу процесіне тарту бойынша технологиялық шешім ұсынылды. Aspen HYSYS бағдарламасын қолдана отырып, қондырғының термодинамикалық есептеулері жүргізілді, нәтижесінде температура мен қысымның конверсия процесіне әсері зерттелді және пропанды өңдеудің оңтайлы параметрлері табылды. Өнімнің шығымдылығын арттыру үшін термодинамикалық есептеулер пропанмен бірге бастапқы қоспаның құрамына метан еріткіш ретінде қосылған жағдайда жүргізіледі. Есептеулер негзінде температураның пропан конверсиясына және пропиленнің селективтілігіне әсері зерттеліп, пропилен алу үшін пропанды дегидрлеу процесінің оңтайлы шарттары анықталды.