Экономика, бизнес және қызмет көрсету

Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 125

МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ҰН ТАРТУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ФАКТОРЛАРЫ (Шымкент қаласының мысалында)

Авторлар

М. Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0009-0007-2741-5838
М. Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0000-0003-3013-8513
М. Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0000-0002-1907-8591
Аймақтық инновациялық университеті
https://orcid.org/0000-0002-4268-9382
М. Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0000-0002-8859-7766

Кілтті сөздер

қаржылық тұрақтылық, ұн тарту өнеркәсібі, капитал құрылымы, макроэкономикалық тәуекелдер, экспорттық әлеует, өңірлік экономика

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.31-1530

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Сатыбалдиева A.H., et al. «МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ҰН ТАРТУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ФАКТОРЛАРЫ (Шымкент қаласының мысалында)». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 31, Червень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.2.31-1530.

Аңдатпа

Мақалада макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында Шымкент қаласының ұн тарту кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығын қалыптастыру факторлары кешенді түрде зерттеледі. Қаржылық тұрақтылықтың теориялық мәні нақтыланып, салалық ерекшеліктер ескерілген факторлық жіктеу ұсынылады. Қазақстанның астық нарығындағы өндірістік және экспорттық үрдістер негізінде ұн тарту кәсіпорындарының қаржылық орнықтылығына әсер ететін ішкі, сыртқы және макроэкономикалық факторлар жүйеленді. Ел экономикасының тұрақты өсуі агроөнеркәсіптік кешен құрамындағы ұн тартатын кәсіпорындардың тиімді қызметімен тікелей байланысты екендігі көрсетілген.      

Шымкент қаласының ұн тарту саласы өңірдің қайта өңдеу өнеркәсібі құрылымында елеулі орын алады және әлеуметтік маңызы бар өнім өндіруді қамтамасыз ететін стратегиялық салалардың бірі болып табылады. Сонымен қатар сала кәсіпорындарының өндірістік әлеуеті, шикізатпен қамтамасыз етілуі және экспорттық мүмкіндіктері талданды. Зерттеу барысында қаржылық тұрақтылыққа әсер ететін негізгі тәуекелдер мен шектеулер анықталып, оларды басқару тетіктері қарастырылды. Нәтижесінде кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын арттырудың стратегиялық бағыттары айқындалып, өңірлік деңгейде тиімді басқару шешімдерін қабылдауға арналған практикалық ұсынымдар ұсынылды.

Зерттеу нәтижелері ұн тарту саласы кәсіпорындарының қаржылық стратегиясын әзірлеу кезінде және өңірлік экономикалық саясатты қалыптастыруда пайдаланылуы мүмкін.