Меню
Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 105
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Мақала зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді қорғау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың рөлін талдауға арналған. Зерттеу тақырыбының өзектілігі кәсіби тәуекелдердің сақталып отырған ауқымымен және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда еңбек ететін қызметкерлер санының едәуір болуымен байланысты. Қолданыстағы еңбекті қорғау жүйесі негізінен техникалық және өтемақылық тетіктерге бағытталған, ал кәсіби аурулар мен еңбекке қабілеттіліктің жоғалуының әлеуметтік салдары жеткілікті деңгейде ескерілмейді.
Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы бойынша ресми статистикалық деректер, еңбек жағдайларын мониторингтеу материалдары, сондай-ақ кәсіби оңалту және еңбекке қайта оралу (Return-to-Work) бағдарламаларына қатысты халықаралық тәжірибе талданды. Occupational social work және қызметкерлерді қолдау бағдарламаларына қатысты заманауи ғылыми тәсілдер жинақталып қарастырылды.
Зерттеу нәтижелері еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері мен кәсіби тәуекелдердің нақты әлеуметтік салдары арасында тұрақты алшақтық бар екенін көрсетті. Өтемақы төлемдері мен жеңілдіктер қызметкерлердің еңбекке тұрақты қайта оралуын және әлеуметтік тұрғыдан шеттетілу қаупін төмендетуді толық қамтамасыз етпейді. Осыған байланысты зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді қорғау жүйесінде әлеуметтік құрамдас бөлікті кеңейту қажеттілігі негізделеді.