Ақпараттық-коммуникациялық және химиялық технология

Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 121

УАҚЫТ КЕШІГУІ БАР ЖОҒАРЫ РЕТТІ КОММУТАЦИЯЛЫҚ СЫЗЫҚТЫҚ ЕМЕС ЖҮЙЕЛЕРДІ ГЛОБАЛЬДЫ ШЫҒЫС КЕРІ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ БАСҚАРУ

Авторлар

С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
https://orcid.org/0000-0002-9464-9809
Астана халықаралық университеті
https://orcid.org/0000-0002-0511-7000
Астана халықаралық университеті
https://orcid.org/0009-0009-4621-1886
Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті
https://orcid.org/0000-0003-0766-2229
Біріккен Араб Әмірліктері университеті
https://orcid.org/0000-0001-6661-8469

Кілтті сөздер

сызықтық емес жүйе, кері байланыс, жаһандық тұрақтылық, қуат интеграторы

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.31-1504

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Бахадирова, Г.Б., et al. «УАҚЫТ КЕШІГУІ БАР ЖОҒАРЫ РЕТТІ КОММУТАЦИЯЛЫҚ СЫЗЫҚТЫҚ ЕМЕС ЖҮЙЕЛЕРДІ ГЛОБАЛЬДЫ ШЫҒЫС КЕРІ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ БАСҚАРУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 31, Червень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.2.31-1504.

Аңдатпа

Уақыт кешігуінің болуы жүйенің жұмысына айтарлықтай әсер ететіні белгілі, ол көбінесе басқару жүйесінің жұмысының нашарлауына әкеледі және желілік басқару жүйелеріне, энергия тасымалдауға қатысты көптеген маңызды физикалық, өндірістік және инженерлік проблемаларда орнықсыздыққа, тербеліске және нашар өнімділікке әкелуі мүмкін. Сондықтан уақыт кешігуі бар жүйелерін зерттеу маңызды практикалық маңызға ие және соңғы жылдары көп көңіл бөлінуде.

Бұл мақалада уақыт кешігуі бар жоғары ретті коммутациялық сызықтық емес жүйелер үшін шығыс кері байланысын орнықтандыру проблемасына баса назар аударылады. Дәрежелер және сызықтық емес мүшелер коммутациялық сигналға тәуелді. Қуат интеграторды қосу әдісін және біртекті үстемдік тәсілін қайта қарау арқылы сызықтық емес жүйелерді глобальды деңгейде асимптотикалық тұрғыдан орнықты ететін шығыс кері байланысын басқару заңын мұқият түрде жобалау үшін интервалдық біртекті үстемдік әдісі деп аталатын жаңа жобалау әдісі ұсынылады. Орнықтылық талдау үшін тиісті Ляпунов-Красовский функционалын құру арқылы алынған тұйық жүйенің глобальды асимптотикалық орнықты екені көрсетілген. Мақалада ұсынылған, қарастырылған әдістің негізділігін көрсетіп, дәлелдеуге арналған жоғары ретті коммутациялық сызықтық емес жүйенің екі мысал есебі  келтіріліп, компьютерде моделденді.