Меню
Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 91
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл ғылыми мақалада жерасты тау-кен жұмыстарының орнықтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, тау жыныстары массивінің кернеулі-деформацияланған күйін (КДК) бағалауды, соққы қауіптілігін диагностикалауды, бекітпе параметрлерін негіздеуді, закладка (толтырма) технологияларын қолдануды және деформацияларды аспаптық мониторингтеуді біріктіретін интеграцияланған геомеханикалық тәсіл қарастырылған. Жобалық шешімдердің сенімділігі мына компоненттерді бірлесіп қолданғанда қамтамасыз етілетіні көрсетілді: массив сапасын бағалау және бекітпені тағайындаудың эмпирикалық сұлбалары; массивтің беріктігін барабар сипаттайтын кернеулі-деформацияланған күйді есептік модельдеу; бастапқы кернеулі күйді әдістемелік тұрғыдан негізделген анықтау (гидроажырау әдісін қоса алғанда); қауіпті үрдістерді ерте айқындауға арналған деформациялар мониторингі. Жерасты объектісінің өмірлік циклі бойындағы геомеханикалық сүйемелдеудің минималды деректер жиынтығы мен кезеңдік орындалу реттілігі бойынша практикалық ұсынымдар тұжырымдалды.