Экономика, бизнес және қызмет көрсету

Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 111

ҚР ЭКОНОМИКАСЫН БІЛІКТІ ЖҰМЫСШЫ КАДРЛАРМЕН ҚАМТУДА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ

Авторлар

Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті
https://orcid.org/0009-0000-0693-9084
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің РМҚК «Экономика институты»
https://orcid.org/0000-0001-8388-8559
Қ. Құлажанов ат. Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0002-4972-3408
Қ. Құлажанов ат. Қазақ технология және бизнес университеті
https://orcid.org/0000-0002-5599-4415
Turan-Astana университеті
https://orcid.org/0009-0008-4327-3961

Кілтті сөздер

техникалық және кәсіптік білім беру, экономика, кадр тапшылығы, бәсекеге қабілеттілік, инновация, цифрландыру, еңбек нарығы, технология

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.31-1469

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Өмірғазынов , А.А., et al. «ҚР ЭКОНОМИКАСЫН БІЛІКТІ ЖҰМЫСШЫ КАДРЛАРМЕН ҚАМТУДА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 31, Червень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.2.31-1469.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты - еліміздің экономикасын дамыту барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру арқылы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай білікті жұмысшы кадрларды даярлауды қамтамасыз ету жолдарын айқындау. Білікті кадрлармен жұмыс қазіргі таңа экономикада маңыздылыққа ие, өйткені өркендеу барысында инновациялық шешімдерді білікті мамандардың дұрыс қабылдауы бірнеше салаларды озық жетілдіріп, өзгерістер енгізе алады.

Зерттеу барысында талдау және салыстыру әдістері қолданылып, аймақтардағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің даму ерекшеліктері мен негізгі бағыттары айқындалды.

Зерттеудегі тұжырымдар Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың экономиканы білікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз етудегі рөлін бағалауға, маңыздылығын арттыруға бағытталған. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік аймақтық және салалық тұрғыда статистикалық талдау арқылы анықталды. Экономиканың нақты секторлары үшін, әлеуметтік бағыттар бойынша жұмысшы мамандықтар даярлаудың өзектілігі негізделіп айқындалады.

Зерттеу нәтижелері аймақтардың экономикалық құрылымы мен өндірістік мамандануына байланысты жұмысшы кадрларға деген қажеттіліктің әркелкі екенін көрсетті. Осыған байланысты техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуда бірыңғай тәсілдерді емес, еңбек әлеуетінің интеллектуалды деңгейін арттыруға ықпал ететін факторларды енгізу қажеттілігі негізделді. Авторлар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылатынын дәлелдейді.