Өңдеу және өңдеуші өнеркәсіптер

Том 2 № 31 (2026) / 2026-06-30 / Көрілім саны: 117

ӨСІМДІК СЫҒЫНДЫСЫМЕН БАЙЫТЫЛҒАН ТҮЙЕ ЖӘНЕ БИЕ СҮТІ НЕГІЗІНДЕ СУБЛИМАЦИЯЛАНҒАН ӨНІМДЕРДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ

Авторлар

Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0000-0003-2207-4177
Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0000-0002-0540-1685
Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0000-0002-4313-1540
Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0000-0002-0319-8118
Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0000-0002-8564-2912
Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты
https://orcid.org/0000-0002-4434-6973

Кілтті сөздер

түйе сүті, бие сүті, физика-химия, витаминдік көрсеткіштер, минералдық құрамы, өсімдік сығындысы, сублимациялық кептіру

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.2.31-1450

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Жельдыбаева , А.А., et al. «ӨСІМДІК СЫҒЫНДЫСЫМЕН БАЙЫТЫЛҒАН ТҮЙЕ ЖӘНЕ БИЕ СҮТІ НЕГІЗІНДЕ СУБЛИМАЦИЯЛАНҒАН ӨНІМДЕРДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 2, вип. 31, Червень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.2.31-1450.

Аңдатпа

Осы мақалада құрғақ түйе және бие сүтін негізге ала отырып, өсімдік сығындысымен байытылған функционалды тағамдық өнімдер өндіру технологиясын ғылыми тұрғыдан әзірлеу қарастырылды. Мақалада сүттің сапалық қасиеттерін сақтау мен биологиялық белсенділігін арттыруға бағытталған тәжірибелік әдістер қолданылды. Алынған сүт үлгілері алдын ала механикалық қоспалардан тазартылып, біртекті құрылымға келтірілу үшін сүзгіден өткізіліп, жұмсақ гомогенизациядан өтті, кейін −60°С температурада мұздатылып, сублимациялық кептіру арқылы құрғақ күйге айналды. Сонымен қатар, зерттеуде грек жаңғағы қабығы сығындысы қолданылып, өнімдердің функционалды құндылығын арттыруға бағытталған өзгеріс енгізілді.

Зерттеу барысында әзірленген өнімдердің физика-химиялық, витаминдік және минералдық құрамдық көрсеткіштері талданып, сүт пен өсімдік сығындысының өзара әсері бағаланды. Алынған деректер бойынша сублимациялық кептіру әдісі мен өсімдік сығындысының қосылуы өнімнің тағамдық құндылығы мен технологиялық тұрақтылығына оң ықпал ететінін көрсетті. Жүргізілген жұмыстар негізінде функционалды бағыттағы тағамдық өнімдер технологиясын жетілдіру үшін ғылыми негіз қалыптастырады және сүт өнімдерін биологиялық белсенді қоспалармен байытуға мүмкіндік береді.