Меню
Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 89
Авторлар
Кілтті сөздер
DOI сілтемесі:
Қалай дәйексөз келтіруге болады
Бұл мақаланың мақсаты - бірігу және жұтылу мәмілелеріндегі дью дилидженс процесінің маңызын түсіндіру. Нарықтағы жоғары құбылмалылық және корпоративтік стратегиялардың барған сайын күрделенуі жағдайында дью дилидженс (ДД) бірігу және жұтылу (M&A) мәмілелерінің тиімділігін қамтамасыз етудегі негізгі кезеңге айналады. Bain & Company жүргізген сауалнама нәтижелеріне сәйкес, сәтсіз мәмілелердің көпшілігі бірқатар себептермен түсіндіріледі, олардың көбі ДД-ге қатысты факторлар болып табылады: синергияның асыра бағалануы, дью дилидженстің негізгі мәселелерді анықтай алмауы, мақсатты компанияның сату үшін «әсемделуі», стратегиялық сәйкестіктің жеткіліксіздігі, күмәнді белгілердің еленбеуі, сондай-ақ тендерлік бәсекенің қызуына еріп кету. Осы тұжырымдарға сүйене отырып, ДД рөлін іргелі деп санауға болады: дәл осы кезеңде интеграция, синергияны бағалау және тәуекелдерді басқару бойынша кейінгі стратегиялық шешімдердің сапасы қалыптасады.
Бұл жұмыста екінші реттік деректерді талдау тәсілі қолданылады: ДД сапасын өлшеу үшін бірнеше прокси-көрсеткіш ұсынылып, олардың мәміленің табыстылығына әсерін эмпирикалық түрде тексеріледі. Нәтижелерді бағалау үшін регрессиялық талдау жүргізіледі, мұнда тәуелді айнымалы - мәміле жарияланғанға дейінгі кезең мен мәміле жабылғаннан кейінгі кезең арасындағы сатып алушы компанияның акция бағасының өзгерісі.