Экономика, бизнес және қызмет көрсету

Том 1 № 30 (2026) / 2026-03-30 / Көрілім саны: 154

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА: ESG ҚАҒИДАТТАРЫНА СҮЙЕНГЕН ЖАСЫЛ ОБЛИГАЦИЯЛАР, ЖАСЫЛ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Авторлар

М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0000-0003-0676-1620
М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0009-0009-4973-7170
М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан университеті
https://orcid.org/0000-0002-1907-8591

Кілтті сөздер

эмитент, тұрақты даму, әлеуметтік облигациялар, гринвошинг, жасыл өнімдер, жасыл жобалар, жасыл қаржыландыру қоры

DOI сілтемесі:

https://doi.org/10.58805/kazutb.v.1.30-1437

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Мамутова, Қ.Қ., et al. «ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА: ESG ҚАҒИДАТТАРЫНА СҮЙЕНГЕН ЖАСЫЛ ОБЛИГАЦИЯЛАР, ЖАСЫЛ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР». ҚазТБУ хабаршысы, вип. 1, вип. 30, Березень 2026, doi:10.58805/kazutb.v.1.30-1437.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі аясында ESG қағидаттарына негізделген жасыл қаржыландыру құралдарының (жасыл облигациялар, жасыл несиелер, әлеуметтік және ESG-облигациялар, жасыл инвестициялық қорлар, жасыл микрокредиттер) рөлі мен даму келешегі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстан жағдайында жасыл облигациялар мен жасыл несиелердің теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау, олардың жасыл экономиканы және тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі ықпалын талдау және осы құралдарды дамыту бойынша институционалдық ұсыныстар ұсыну. Материалдық база ретінде ғылыми әдебиеттер, ұлттық нормативтік-құқықтық және стратегиялық құжаттар, халықаралық және қазақстандық статистикалық деректер, эмитенттердің ашық ESG-есептілігі пайдаланылды. Әдіснамалық тұрғыдан жүйелік және институционалдық тәсілдер, контент-талдау, салыстырмалы және статистикалық талдау, құрылымдық-логикалық модельдеу әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижесінде ESG өлшемдері мен қаржылық табиғатын ескеретін жасыл қаржылық құралдардың матрицалық жіктемесі ұсынылды; әлемдік және қазақстандық жасыл/ESG-облигациялар нарығының динамикасы сипатталып, жасыл құралдардың корпоративтік облигациялар нарығындағы үлесінің әлі де төмен екені, бірақ өсім қарқынының жоғары екені анықталды. Жаңартылатын энергетика, энергия тиімділігі, коммуналдық инфрақұрылым, көлік, су ресурстары және агросектор жасыл қаржыландырудың басым бағыттары ретінде айқындалып, МЖӘ жобаларының қаржыландыру құрылымында жасыл компоненттің әлеуеті көрсетілді. Верификация, ESG-есептілік стандарттары және гринвошинг тәуекелдерімен байланысты институционалдық шектеулер айқындалды. Авторлық қорытындылар жасыл қаржыландыруды ұлттық тұрақты даму стратегияларымен, декарбонизация мақсаттарымен және жауапты инвестиция мәдениетімен терең интеграциялау қажеттігін негіздейді және болашақта эконометрикалық және эмпириялық зерттеулерге әдіснамалық база бола алады.